Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Енекәсіп": Тоққа піскен наннан шоққа піскен нан тәтті

"Енекәсіп": Тоққа піскен наннан шоққа піскен нан тәтті


Бүгінгі таңда белсенді әрекет ететін шағын және орта бизнес субьектілері тұрғысынан Жаңақорған ауданы көш ілгері. Әсіресе нәзікжандылар бұл салада өзіндік белесін бағындыруда. Қаржылық институт тарапынан алынып жатқан несиенің басым бөлігі әйел кәсіпкерлерге тиесілі екен. Оған қоса, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отырған жас келіндер де бар. Сондай жанның бірі – жиырма бір жастағы Самал Бектұрғанқызы.


Ол «Жастар жылы» аясында мемле­кеттің жастарға жасаған қолдауын құр жібермей, «Бастау-бизнес», «Жас кәсіпкер» жобаларын үздік бітіріп, жақын­да ғана 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Қомақты қаржыға наубайхана ісін жолға қойып, қажетті құралдарын сатып алды. Енді енесі мен келіні тату-тәтті тіршілік етіп, бірі нанын жауып, екіншісі дүкендер мен орталық базарға пұлдауда. Жаңақорғанда Әлменовтер әулетін танымайтын жан жоқ шығар. Кенттегі Сейтпенбетов көшесінде тұратын бұл әулетте тандыр нан жабу тұрақты кәсіпке айналғалы көп жыл. Әуелгіде ағайын-туыс пен көрші-қолаң нан артылмаған тандыр нанға жасалған нан өнімдеріне кейіннен кент тұрғындары тарапынан сұраныс арта түскен.
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда тамақ өнімдері ішіндегі ең тиімдісі және кәсіпкерлік көшбасшысы – нан пісіру. Өйткені, тұтынушылар тарапынан нан өніміне деген сұраныс қашанда жоғары.
– Қазіргі таңда кәсіп жасаймын деген жанға мүмкіндік мол. Кішкентайымнан осы нан өнімдерін пісіруге кәсіпке бейім болдым. Әлменовтер әулетіне келін болып түскен соң, енемнен тандыр нан жабуды үйрене бастадым. Әрі кәсіпкерлік бағытта бизнес курстарға қатыстым. Кейіннен мемлекеттік грантқа бизнес-жобамды ұсынып, қаржылай қолдау таптым. «Самал» дара кәсіпкерлігін ашып, одан әрі наубайхана кәсібін бастап кеттік. Шүкір, қазір дамудың даңғыл жолына түсіп, наубайхананың шырайы кіре бастады. Бизнес бастауыма дем берген аудандық жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына алғыс айтамын, – дейді жас кәсіпкер Самал Нұранова.
«Әрекетке берекет» демекші, мемле­кеттік бағдарлама шеңберінде қомақты қаржыға қол жеткізген Самал бүгінде тұрғындар тарапынан түскен тапсырысты уақтылы орындап, сенім мен сапа талғамына сай қызмет етуде. Енесі Гүлнар Тұрлыбаева екеуі елге ертелі-кеш нан пісіріп, қызмет етуде. Гүлнар Тұрлыбаеваның айтуынша, өзінің тандыр нан жауып келе жатқанына жиырма жылдан асыпты. Алғаш осы әулетке келін болып түскеннен бастап, енесінен үйренген кәсіпті кейде «Енекәсіпті» жалғастырып келе жатырмыз деп әзілдеп қояды. Сөзінің жаны бар. Енді өзі де бір жылдан бері ене болып, келініне тандыр нан жабудың қыр-сырын үйретіп келеді. Осылайша ұрпақтан ұрпаққа жалғасқа нан пісіру кәсібі бұл әулетке таңсық емес. Таңалакеуіммен Гүлнар Тұрлыбаева келіні екеуі нан пісіріп, одан әрі ыстықтай дүкендер мен орталық базарға таратуға кіріседі.
Расында, өңірде әйел кәсіпкерлердің қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, биыл Өңірлік инвестициялық орталық арқылы облыстық бюджеттен шағын несиеге 1 млрд теңге бөлініп, 258 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде 112 жоба әйел кәсіпкерлерге тиесілі екен. Ал, 2017-2018 жылдары «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ облыстық филиалынан 2,4 млрд теңге несие 760 нәзікжанды кәсіпкерге берілген. Оған қоса, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған» бағдарламасының ІІ-бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті қол­дау» жобасы тағы бар. Осындай кең көлемді мемлекет қолдауының бірін пайдаланған жаңақорғандық жас Самал Бектұрғанқызының да жұмысы көпке үлгі.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
26 қараша 2019 ж. 1 348 0