Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: БЕСАРЫҚТЫҢ БЕЛЕСІ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: БЕСАРЫҚТЫҢ БЕЛЕСІ

Әлібек Абдуллаев басшылық ететін Бесарық ауылдық округінде де қарқынды жұмыс бар. Әсіресе, ауылдық округ бойынша 129 жеке кәсіпкер болса, оның ішінде 28 жеке тұлға кәсіпкер ретінде аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген.

«Бастау-бизнес» жобасы бойынша 10 жеке кәсіпкер оқытылып 18,2 млн. теңге көлемінде несие алған. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында ауылдың 1 азаматы 247,0 мың теңге грант негізінде қайтарымсыз несие алды. «Zhas project» жастар жобасы бойынша 3 жоба ұсынылып 1 жоба 1 млн. теңге көлемінде грантқа қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр екен. Салық түсімдері бойынша өткен жылғы болжам 3133,0 мың теңге болса, ол 3383,0 мың теңге болып 107,98 пайызға артығымен орындалған.
Дейтұрғанмен мәселеде жоқ емес. Сұрақ-жауап бөлімінде бірқатар түйіткіл көтерілді. Ауыл тұрғыны Памир Шаметов ауылдағы мектептің көрсеткіші аудан бойынша бірінші орында бола тұра, оның ұстаздарына марапат жасалмайтынына ренішін білдірді. Оған қоса, ауылдық аурухананың тек күндізгі бөлім ретінде өзгеруіне орай оны бұрынғыша тәуліктік етуді сұрады.
26 қаңтар 2019 ж. 999 0