Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІМСІЗ БИЗНЕС ДЕҢГЕЙІ БИІКТЕМЕЙДІ

БІЛІМСІЗ БИЗНЕС ДЕҢГЕЙІ БИІКТЕМЕЙДІ


2019 жылдың 11-наурызынан бастап, ауданда «Бастау» бағдарламасы бойынша ақысыз кәсіпкерлік курсына таңдау басталады. Бұл жөнінде Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Марлен Нұртазаев мәлімдеді.

Өздеріңізге белгілі, биыл «Жастар жылы» аясында жаңа кәсіп ашқысы келетін ынталы азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау шаралары болады. Соның бірі – жаңа бизнес идеяларды жүзеге асырушы ынталы жастар қайтарымсыз 500 мың теңге көлеміндегі қаржы. Алайда, бұл қаржыға қол жеткізу үшін міндетті түрде «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы үш айлық қайта даярлау курсын не Кәсіпкерлік палатасы арқылы 1 айлық кәсіпкерлік курсын оқығандығы жөніндегі сертификат қажет.
– Жақында өз кәсібін ашқысы келетін жұмыссыздарды және өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандарды, сонымен қатар бизнесін кеңейтуге мүдделі кәсіпкерлерді оқыту бастау алады. Нақтысы – 11 наурызда. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың қатысушылары ретінде ауылдық елді мекендерде және аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке тұлғалар - әрекет етуші және бастауыш кәсіпкерлер (тіркелу уақытынан үш жыл мерзім ішінде) қатыса алады, – дейді Марлен Нұртазаев.
Сондай-ақ филиал директоры Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет екенін және оның нәтижелері бойынша оқу топтарына іріктеу жүргізілетіні белгілі болды. Ниет білдірушілер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына, халықты жұмыспен қамту орталықтарына, ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне барып өтінім мен сауалнама толтыруларына болады. Енді курсқа қатысу үшін қандай құжат керек деген сауалға тоқталсақ. Өзімен бірге келесі құжаттары болуы тиіс: жеке бас куәлігінің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, жеке несие есебі болуы керек. Оған қоса, Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төленетін болады және оқыту қорытындылары бойынша сертификат табысталады.
– Елбасы Жастар жылының ашылу салтанатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» бизнес жобасын айрықша атап өтті. Әрі бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыра отырып, жас кәсіпкер бағдарламасын әзірлеу қажеттігін тапсырды. Шыны керек, соңғы екі жылда елімізде «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалаларда 43 мың тұрғын оқып шықты. Оқып қана қоймай, бизнес-жобаларын қорғап, қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау тапты. 2018 жылы ауданда кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасына 139, «Бизнес-кеңесші» жобасына 139 адам оқып шықты. Оның ішінде, 30-40 пайызы жастар, – дейді Марлен Бақытұлы.
Иә, ауданда жыл санап, «Бастау» жобасы арқылы курс оқып, одан әрі бизнес-идеяларына қаржылық қолдау тауып жатқан кәсіпкерлер саны ұлғайып келеді.

Сәке КЕРУЕНБЕК.
19 ақпан 2019 ж. 1 125 0