№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК

ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК


Бұл съезд – ел үшін тарихи оқиға. Съезде халықтың көптен күткен мәселесі айтылды. Әсіресе, көп балалы аналарға мемлекеттік қолдау шарасына ұтымды ұсыныс айтылды. Елбасы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, әлеуметтік бағдарламалар аясында атқарылатын жобаларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды. Оған қоса, Nur Otan партиясы әлемдік үрдістерді ескере отырып, жастарды жан-жақты қолдауды күшейте түсуге басымдық берді. Расында жастарға сапалы білім алу, тұлға ретінде даму, кәсіпкерлік бағытта жағдай жасау – алдағы жылдары партия алында тұрған міндет. Оларды жан-жақты қолдау Nur Otan партиясы және оның «Жас Отан» жастар қанаты қызметінің басты бағытының бірі.

Негізі «Жас Отан» Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен стратегиялық жсопарларының сенімді тірегіне айналды. Бүгінде бұл беделді ұйым 160 мыңнан астам білімді де белсенді жастың басын біріктіріп отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі партия назарынан ұдайы түскен емес. «Жас Отан» жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында бірнеше жыл аралығында «Сәтті қадам» және «Жастар Отанға» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлар аясында мыңдаған жастар тұрақты жұмыс орнын тауып, ел игілігіне жұмыс жасауда.
Өздеріңізге белгілі, 2019 жыл Елбасы Жарлығымен «Жастар жылы» деп қабылданды. Бұл біздер үшін үлкен қолдау. Әрине, бұған дейін мемлекет тарапынан жастар қауымын жұмыспен және тұрғын үймен қамту мақсатында бірқатар бағдарлама қабылданып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Оның ішінде; «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві» тағысын тағы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу рәсімінде еліміздегі жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктер мен көрсетіліп жатқан көмектің нәтижесінде ірі бастамалардың сәтті жүзеге асқандығын айтты. Президент «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжірибесі туралы айтып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл бағдарламаны шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде құру қажеттігін де баса айтты.
Бүгінгі таңда белсенді әрекет ететін шағын және орта бизнес субьектілері тұрғысынан Жаңақорған ауданы көш ілгері. Әсіресе жастар қауымы бұл салада өзіндік белсенділігін танытуда. Қаржылық институт тарапынан алынып жатқан несиенің басым бөлігі осы жас кәсіпкерлерге тиесілі екен. Сәтін салса, «Жастар жылы» аясында жас кәсіпкерлерге деген мемлекеттік қолдау шаралары ұлғаяды деген сенім мол.
Түйіндей айтқанда, жетекші партия ретінде Nur Otan өткен 20 жыл ішінде өзін ықпалды саяси құрылым ретінде таныта білді. Ең бастысы, партия биліктің емес, бұқараның партиясына айналды. Ендігі меже – «Бақуатты қоғам онжылдықтың 10 қадамы» атты партияның 2030 жылға дейінгі партия мүшелері мен оның жетекшілеріне жаңа жауапкершілік артып отыр. Бұл бағыттағы белсенді жұмыстар Жаңақорған жастары тарапынан да нәтижелі жұмыспен айқындалатын болады.

Асылжан КӨГЕНБАЕВ,
«Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы.

03 наурыз 2019 ж. 907 0