Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шалғайдағы наубайханашы

Шалғайдағы наубайханашы


«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Bastau Бизнес» жобасының оқу курсын бітірген түлектерге бір жылдан асты. Басым көбі жобаларын қорғап, жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп келеді. Әсіресе, ауылдағы іскер жандардың еңбегі көрінді. Солардың қатарында Айгүл Құттыбаева да бар. Көктөбе ауылдық округінде тұратын кәсіп иесі наубайхана ашып, ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.
Сондықтан, шағын кәсіптің шырайын келтіріп отырған Айгүл Абылайқызымен тілдесіп, атқарып жатқан еңбегімен таныстық. Жеңілдетілген алты пайыздық несиемен 2017 жылдың жаз айында нау­байхана ісін қолға алған кәсіпкер бүгінде жұмысының жемісін көріп келеді.
– Шыны керек, наубайхана ісімен айналысу бұрыннан ойымда жүрген мақсат еді. Былтыр ауыл әкімі «Бастау» жобасын оқуға кеңес беріп, бизнес жоспарымның қолдау табатынына сенім білдірді. Жобамды сәтті қорғап, бір миллион теңге несиеге ие болдым. Аталған қаржыға нан пісіретін пеш пен керек-жарақ сатып алдым. Шүкір, ісім алға басып, бүгінде өнімге сұраныс артып келеді, – деді кәсіп иесі.
– Қай ауылдарды өніммен қамтамасыз етудесіз?
– Әзірге Түркістан облысына қарасты Ақкөл мен Көктөбе ауылының тұтынушыларына қызмет етудеміз. Алдағы уақытта көршілес ауылдарға, яғни Қаратөбе мен Қандөзге тасымалдау жоспарда бар. Ол үшін наубайхананы кеңейтіп, жұмысшы қолды көбейту керек. Әзірге бір тұрғынды жұмыспен қамтудамын. Жыл соңына дейін тағы да екі-үш қызметкерді қарамағыма алу ниеттемін, – деді.
Иә, сұраныстың күн санап артып келетіні өнімнің сапалылығына байланысты. Бағасы да қолжетімді, мәселен бөлке нанның құны – 70 теңге болса, тандыр нан – 50 теңгеден сатылуда. Ауылдағы ағайынның қолын ұзартып, аудан орталығы мен Түркістанға
– Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз?
– Биылға жоспар көп. Ең алдымен, көрші ауылдармен келісім-шартқа отырып, тасымалдау жағын қарастырып жатырмын. Әрі, жұмысшы санын арттыру да жоспарда бар. Енді тек нан ғана емес, тәтті тоқаштарды өндіруді қолға алсақ дейміз. Сондықтан, тәжірибелі мамандар іздестірудемін. Сондай-ақ, күзде ауылдың ортасынан дүкен ашуға дайындалудамыз. Жалпы айтқанда тынымсыз тірліктің ортасындамыз, сондықтан әрбір істе бейнеттің соңында зейнеті бар екенін ұмытпаған жөн, – деді наубайханашы.
Жалпы, халық саны мыңға жетпейтін Көктөбе ауылында тындырымды тірлік бар. Ауыл халқының негізгі еңбек көзі мал және егін шаруашылығы. Енді міне шағын кәсіптің керегесі кеңіп келеді. Ең бастысы, ынта болса болғаны мемлекеттен беріліп жатқан қолдау жетерлік. Оған Айгүл Абылайқызының еткен еңбегі дәлел бола алады. Үш баланың анасы осыған дейін балабақшада қызмет етіп, аспаздық дүниенің қыр-сырын меңгерген. Жары да қарапайым шаруа адамы.
Елбасы биылғы Жолдауында: «өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет» деген тапсырма жүктеді. Ендігі жерде кәсіпкерлер қолда бар мүмкіндіктен айырылып қалмауы керек.
27 маусым 2018 ж. 1 922 0