№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа наубайхана іске қосылады

Жаңа наубайхана іске қосылады


Шынында шағын және орта бизнес бастауға кедергі жоқ. Тіпті пробация есебінде тұрсаңыз да кәсіп бастауға болады. Тек тәуекел мен жүйелі жоспар, ерік-жігер керек. Неге десеңіз, пробация қызметінің есебінде тұрған Бақдаулет Айтбай мемлекеттік бағдарлама аясында жобасын қорғады. Енді тиісті қаржысы қолына тисе наубайхана ісін дөңгелетпек.


Әрине, әркімнің тағдыр жолы әрқилы. Десе де, олардың шағын кәсіп ашуына, тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік жасау мемлекет міндеті. Сондықтан оларды қоғамнан бөліп жарып немесе оқшаулауға ешкімнің де қақы жоқ. Қайта жүйелі қолдау керек-ақ.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер палатасы ынталы тұрғындарды кәсіпке баулып, бизнес оқыту курстарына тұрақты түрде тартуда. Бұл бағытта нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясындағы «Бастау бизнес» жобасы жемісті жұмыс атқаруда. 2017 жылдан бастап бастау алған бұл жобаның жұмысы ауқымды. Биыл жоба аясында 480 адамды оқыту жоспарланып, оның 240-ы оқуын аяқтаған. Оның ішінде, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 20 жоба бойынша 65 млн 200 мың теңге алса, «Қызылорда» өңірлік қаржы орталығы арқылы 10 кәсіпкер 22 млн 500 мың теңгеге қол жеткізді.
Енді тақырыпқа ойыссақ. Бақдаулет қазір біліктілігін шыңдау мақсатында «Мөлдір» наубайханасында қызмет етеді. Болашақ кәсібінің қыр-сырын меңгеру мақсатында еңбектеніп жүрген ол жобасын сәтті қорғады.
– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы аудандық филиалында бір айлық курсты оқыдым. Жоба сәтті қорғалды. Енді тиісті қаражат қолыма тиісімен іске кірісемін, – деді ынталы азамат.
– Наубайхана ашу қайдан туын­дады?
– Қазір ұн өнемдері, оның ішінде нанға сұраныс жоғары. Түркістан өңіріне барғандар нан алып келетіндер көп. Неге бізде де сондай наубайхана ашуға болмас деген ой келді. Сондықтан, көп ойланбай жоба жасап, бағдарламаға қатыстым.
Тамыр-таныс арқылы қайтарымсыз қаржыға қол жеткізгеніменн мақсатты жаратпай құмға сіңгендей болатыны көңілді қынжылтады. Бірақ Бақдаулет секілді ниеттілер қаржыға қол жеткізе бермейді. Сөзге емес, іске епті кейіпкеріміздің тәуекелге бел бууы жастарға үлгі етуге тұрарлық. Айта кететіні, Бақдаулет секілді бір айлық кәсіптік курсты оқыған екінші азамат Хобилжан Ахмадов екен. Ол 252 000 теңгеге жоба жасап, сәтті қорғап шығыпты.
Жалпы пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту немесе кәсіп ашуына мүмкіндік беру бағытында біршама жұмыс жүргізілді. Бұл жөнінде пробация бөлімінің бастығы Бағдат Дайрабаевтан сұрадық.
– ҚР Үкіметінің №912 қаулысымен бекітілген бас бостандығынан айыру орын­дарынан босатылған және проба­ция қызметінде есепте тұрған азамат­тарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асуда. Жоспардың 21-25 тармақтарына сәйкес аудандық жұмыс­пен қамту орталығы арқылы сот­тал­ғандар арасында жұмыссыз жүр­ген азаматтарды жұмыспен қамту және дипломы жоқтардың мамандық алуына жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Нәтижесінде 35 сотталушы әр түрлі сала бойынша тұрақты жұмысқа орналасты, – деді сала бастығы.
Ал, «Атамекен» бағдарламасы бойын­­­ша екі азамат кәсіптік оқуға, сегізі кә­сіп­­тік даярлауға «малшы» мамандығы бойын­ша оқыған. Яғни аудандағы аграр­лы-техникалық колледжде білім алған сегіз азамат диплом алып, кәсібін бастауға ниетті.
Қорыта айтқанда, пробация қызме­тінде тұрып, кәсібін дөңгелету бағытында курс оқыған азматтарды мақалаға арқау еттік. Қазір жұмыс жасаймын, шағын кәсіпті жүзеге асырамын дегендерге мемлекет тарапынан қолдау бар. Сондықтан Бақдаулет секілді нақты жобаны жүйелеп, мемлекет ұсынған қамқорлықты сезініп қалуға тырысқан абзал.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
19 қараша 2019 ж. 590 0