«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жас кәсіпкерлер тәжірибе алмасты

Жас кәсіпкерлер тәжірибе алмасты


Ауданда «Жас кәсіпкерлер» жобасы бойынша 115 жас бизнес курс тәмамдап, 96 жас кәсіпкер 505 мың теңгеден қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Бұл туралы «Өз кәсібіңді баста» атты еркін форматтағы аудандық форумда белгілі болды. Жаңақорған, Шиелі аудандық кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болған «BASTA» форумына «Бастау бизнес» жобасының түлектері мен талапкерлері қатысты. Ашық әңгіме алаңына айналған басқосуда «бастаулық» түлектер мен жетістікке жеткен танымал кәсіпкерлер өзінің құпияларымен бөлісті. Бірінші кезекте, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды баяндады.


– Елбасы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударып келеді. Өздеріңізге белгілі, Қызылорда облысында үш жылдық «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Белсенді бастама аясында өңірде кешенді «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы» қабылданды. Оған қоса, «Жастар жылы» аясында кәсіп бастаймын деген ынталы жастарға қаржылай қолдау көп. Мәселен, «Жас кәсіпкерлер» жобасы бойынша 115 жас бизнес курс тәмамдап, 96 жас кәсіпкер 505 мың теңгеден қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Мұның барлығы мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан шаралар, – деді Ғалымжан Жарқынбекұлы.
Форум модераторы, бизнес-тренер Асылжан Жолдасбековтың айтуынша, бүгінгі таңда «Бастау» жобасының 4-легінде 120 адам оқып жатыр екен. Алдағы қараша айында 5-лекке 120 адам оқыту жоспарланып жатқаны белгілі болды.
Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Марлен Нұртазаев ауданда кәсіпкерлік бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатты. Палата басшысы форумды ұйымдастырудағы негізгі мақсат –кәсіпкерлердің табысты жолын жастарға үлгі етіп, мемлекет мүмкіндігінің мол екенін ақпараттандыру екенін жеткізді.
– Қазіргі таңда кәсіпкерлер палатасы ынталы тұрғындарды кәсіпке баулып, бизнес оқыту курстарына тұрақты түрде тартудамыз. Бұл бағытта Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясындағы “Бастау бизнес” жобасы жемісті жұмыс атқаруда. 2017 жылдан бастап бастау алған бұл жобаның жұмысы ауқымды. Айта кетсек, 2017 жоба шеңберінде 195 адам оқып, соның ішінде «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 70 азамат 152,600 млн теңге, «Қызылорда» өңірлік қаржы орталығы арқылы 38 азамат 78,500 млн теңге несие алды. Ал 2018 жылы 250 азамат оқып, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы соның 45-і 128 000 млн. теңге, ал «Қызылорда» өңірлік қаржы орталығынан 55 азамат 131 600 млн. теңге каржы алды, – деді Марлен Бақытұлы.
Оған қоса, 2019 жылы 480 адам оқыту жоспарланып, оның 240-ы оқуын аяқтаған. Оның ішінде, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 20 жоба 65 200 млн теңге алса, «Қызылорда» өңірлік қаржы орталығы арқылы 10 кәсіпкер 22 млн 500 мың теңгеге қол жеткізген.
Мұнан кейін мінберге көтерілген «Асемтас» дара кәсіпкерлігінің құрылтайшысы Жомарт Шәуенов табысты кәсіпкер болудың қыр-сырымен бөлісті. Бүгінде 15 адамды жұмыспен қамтып отырған шағын зауыттың өніміне сұраныс жоғары. Ең алғаш «Бастау» жобасы аясында бизнес-жоспарын қорғап, 12 млн теңге қаржыға Ресейден тастөсеніштері мен қабырғалық блок, лего кірпіш жасайтын аппарат алып келгенін жеткізді. Тек алып қана қоймай, сол көрші елде екі апта бойы құрылғының жұмыс істеу техникасын үйреніп келген. Алғашқы да оңай болмағанын жеткізген кәсіпкер кез келген істің өз қиыншылығы болатынын тілге тиек етті. Ол үшін – тәуекелділік қажет екендігін айрықша атады. Мақсат – айқын, жоба тиянақты болса, кез келген кәсіпті игеріп кетуге болатынын жеткізді. Бүгінде Сыр өңірінің үздік шикізат өндіруші кәсіпорын атанған «Асемтастың» әрбір өніміне тауар сертификаты бар. Осылайша отандық өнім өндіріп жатқан Жомарт Шәуенов қимылдағанның қыр асатынын іспен дәлелдеді.
Сондай-ақ форум барысында коуч, бизнес-тренер Жеңісбек Әбсаттарұлы ақша тауып, табысты кәсіпкер болудың тың тетіктерін түсіндірді.
– Бизнесте бәсекеге деген ұғым бар. Бәсекеге қабілетті болу үшін, сіздің халыққа ұсынып отырған қызметіңіздің сапасы жоғары және көңілге қонымды бағада болуы тиіс. Яғни, тек пайда табу үшін емес, сапалы өнім ұсыну үшін жұмыс жасаса кез келген кәсіп табыс әкеледі. Америкада «Ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген нақыл бар екен. Бар-жоғы бес сөзден құралған мәтелдің астарында көп дүние жатыр. Табыс пен ақшаның көзі қара күште емес, ұтымды жүзеге асырылған жоспарда. Яғни, ақылда. Дана Абайдың тілімен айтқанда: «Ісім өнсін десең, ретін тап», – деді Жеңісбек Әбсаттарұлы.
Форум соңында «Жас кәсіпкер» жобасының түлектері ортаға шығып, замандастарына жігер берерлік жалынды сөздерін арнады. Олардың қатарында: «Жас кәсіпкер» жобасының түлегі, 505 мың теңге грант иегері, «Айару» жеке кәсіпкерлігінің негізін қалаушы Жандос Ілиясов, шиелілік жас кәсіпкер Сандуғаш Үсенова, жаңақорғандық «Дарын» оқу орталығының директоры Құттықыз Изатуллаева бар.
– Өзім Шиелі кентінен келдім. Тез дайындалатын қоғамдық тамақтандыру кәсібімен айналысамын. Екі «Дөнер» орталығым бар. Тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары. Егер жаңақорғандық жас кәсіпкерлерде серіктестік негізде бірлесе жұмыс жасайтын болса, біздің есік ашық. Тәжірибе алмасып, тың дүниелерді үйренуге дайынбыз, – дейді Шиелі кентінен келген «Жалын» дара кәсіпкерлігінің жетекшісі Ақманар Жұманазар.
Қос ауданның жас кәсіпкерлерінің басын қосқан форум жаңақорғандық «Бастау» түлектерінің көрмесіне ұласты. Онда Сыр өңіріне танымал кейдендік «Кәусар» жүгері сусыны өнімі, «Ай-ару» фото-видео студиясының альбомдары, жаңауылдық Данияр Ахметов пен жаңақорғандық Мұрат Жәрімбетов пен Дина Жәрімбетованың қолөнер бұйымдары және Гүлзинат Омарованың құрақ көрпешелері көпшілік назарына ұсынылды.

Әбдісамат ӘБДІШ
02 қараша 2019 ж. 699 0