№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҰХТАР ШАХАНОВ «ҮЗДІК КӘСІПКЕР» АТАНДЫ

МҰХТАР ШАХАНОВ «ҮЗДІК КӘСІПКЕР» АТАНДЫ


Жаңақорғандық жас кәсіпкер Мұхтар Шаханов Астанада өткен «Атамекен» ҰКП V-съезі аясында «Бастау жобасы» түлектерінің форумында «Үздік кәсіпкер» номинациясымен марапатталды. Яғни, 2017 жылғы «бастаулықтардың» бастауымен іске қосылған 30 үздік бизнес-жоба марапат төрінде мерейі тасыды.
Өздеріңізге белгілі, «Бастау» жобасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты болып табылады. Жобаның қаржылай емес операторы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Негізгі мақсат – елдегі бизнес-бастамасы бар, өзін өзі жұмыспен қамтыған және ауылдағы жұмыссыз тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл халқының экономикалық белсенділігін арттыру.
Елорда төрінде өткен алқалы форумда белгілі болғандай, 2017 жылы Қазақстан бойнша 80 ауданда 15 000 адам «Бастау» жобасы бойынша оқып, оның 3314-і өз бизнесін ашқан. Міне, осы жарқын жобаның былтырғы жылғы түлегі Мұхтар Шаханов Жаңақорғанда «Нұр-Сәуле» той ұйымдастыру орталығының директоры. Ол былтыр аудандық кәсіпкерлік палатасында «Бастау» жобасына қатысып, бір айлық оқыту курсын тәмамдайды. Содан кәсібін кеңейтпек мақсатта жаңа бизнес-жоба жасап, ойдағыдай қорғап шығады. «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы 3 млн. теңге несиеге қол жеткізеді. Қолдау қаржыға соңғы сандық үлгідегі фотоаппарат, бейнекамера, өзге де жеделдетілген технологияға негізделген құрылғылар алады.
– Биыл аймақ башсысының пәрменімен Сыр елінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланғаны белгілі. Әсіресе, кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлер мен ынталы азаматтар мемлекет қолдауына қашанда зәру. Кәсіпкерлік палатасының «Бастау» жобасы тамаша жоба. Осы жобаның түлегі ретінде «Атамекен» ҰКП V-съезіне және «Бастау жобасы түлектерінің форумына қатысып келдім. Форум аясында елдегі үздік бизнес-тренерлер мен табысты кәсіпкерлердің құнды кеңесін тыңдадық. Мұндай бизнес-форумдар мен оқыту курстары мен түрлі семинар-тренингтердің жастарға берер пайдасы мол, – дейді форумда «Үздік кәсіпкер» номинациясына ие болған Мұхтар Нұрланұлы.
Қазақстандағы кәсіпкерлік саласының кіл қаймақтары бас қосқан съезден көп тәжірибе жинағанын жеткізген жиырма төрт жасар жаңақорғандық кәсіпкер көп мотивация алғанын тілге тиек етті. Әрі тағы жаңа жобасы дайын екенін жасырмады. Кино және деректі фильм түсіру саласын қолға алмақ болған Мұхтар Шаханов жобасының өтпей қалғанына қынжылады. Яғни, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы қайтарымсыз гранттан үмітін үзді. Енді қолда бар қаржымен қарекетін жасап, кәсібін жалғастыра бермек.
Айта кету керек, «Бастау» кәсіпкерлік форумына қатысу үшін бизнесін ашқан және кеңейткендер қатарынан жеңіске жеткен 150 кәсіпкер іріктелген. Ұйымдастырушы тараптың сөзінше, жобаның әлеуметтік маңызы, жұмыс орнының құрылуы, бюджетке салықтың түзуі басты назарға алынған. Міне, осы критерийлерден сүрінбей өткен жаңақорғандық Мұхтар Шаханов, Данияр Ахметов, Данияр Елшиев сынды «Бастау» түлектерін форумға аудан әкімі Ғалым Әміреев пен аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Марлен Нұртазаев бастап барған болатын.
Астанада өткен бастаулықтардың форумында «Бастау» жобасының биылғы нысаналы көрсеткіші екі есеге артқаны мәлім болды. Биылғы қамту аймағы 80 ауданнан 160 ауданға, ал оқуға қатысушылар саны 15 мыңнан 30 мыңға адамға көбейіп, қатарға қалалар мен моноқалалар қосылған. Сәтін салса, 2018 жылы бизнестің 6 мың жаңа субьектісі ашылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылылады деп күтілуде екен.

Әбдісамат ӘБДІШ.
27 маусым 2018 ж. 1 721 0