№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІК: НЕДЕН, ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

КӘСІПКЕРЛІК: НЕДЕН, ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?


Тәуелсіз елімізде табысқа жетудің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады. Бұл бағытта ауданымызда көрсеткіш қандай? Осы орайда өңіріміздегі үздік он мектептің санатынан саналып келе жатқан Жайылма ауылындағы №195 мектептің тұрақты түрде жаңару ахуалы көп білім ошақтарына үлгі боларлықтай. Жетістік сыры – білімнің сапасында. Оған қалай қол артуға болады. Осыны терең зерделеп, білу мақсатында біз осы білім ошағына арнайы ат басын тіредік.


КӘСІП АШСАМ ДЕП ЕДІМ...

Жеке кәсіпкерлікті заңдастырып аштық делік. Ендігі кезекте, кәсібің жайлы армандап қана қоймай, оны қалай жүзеге асыруға болады? Алғашқы қадам қалай жасалады? Мемлекет тарапынан оқытылатын бизнес-курстар ақылы ма? Бұл сауалдың жауабын бізге аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Марлен Нұртазаев айтып берді. Бірінші кезекте, ол кәсіпкер боламын деген ынталы азаматтарға қандай бизнес-курстар бар екендігін тілге тиек етті.
Сонымен Марлен Бақытұлын тыңдасақ. – Бүгін­де мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген ынталы азаматтарға барлық қолдау шаралары қарастырылған. Ең әуелі оқыту курстарынан өтуі керек. Өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Бизнес кеңесші» атты екі күндік қысқа мерзімді оқу курсы бар. Бұл курстың мақсаты – кәсіпкерлікпен айналысуға келген азамат кәсіпкерліктің, кәсіпкерлік қызметтің не екенін, қалай алдыға қарай жылжу керек, жалпы кәсіпкерліктің әліппесін үйренеді. Яғни, бизнес-тренерлер бастапқы негізгі ұғымдарды таныстырады. Бұл курсқа кез келген адам қатыса алады. Айта кету керек, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға барлық мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптың бірі – кәсіпкерлік негіздерін оқығандығы туралы сертификат керек.
Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту аясында «Бастау-бизнес» бір айлық курсы бар. Бұл бизнес-курсты оқыған азаматтар бизнес жобаларын әзірлеп, оны қорғап несие алуға мүмкіндігі бар.
Оған қоса, «Бизнес-өсу» оқу курсы 5 күндік мерзімді қамтиды. Бірақ мұны ұйымдастырмас бұрын шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субьектілерінен алдын ала сауалнама жүргіземіз. Ондағы мақсат – біліктілігін арттыруға қажетті тақырыптар мен бағытын анықтап алу. Бизнесті ары қарай қалай дамыту керек, қаржылық сауаттылық, маркетингтің қыр-сырын үйретеміз. Айта кету керек, бұл оқыту курстарының барлығы да ақысыз. Кез келген кәсіп ашуға ынталы азаматтар қатысып, кәсіпкерліктің алғашқы әліппесін үйренуге мол мүмкіндігі бар – дейді Марлен Нұртазаев.


27 сәуір 2019 ж. 2 423 0