№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІК ТЫНЫСЫ

КӘСІПКЕРЛІК ТЫНЫСЫ

Ауданның кәсіпкерлік саласында алты айда бағындырған белесін бағамдасақ. Аудан әкімі Ғалым Әміреев жұмысының негізгі бағыты ретінде кәсіпкерлік саласына айрықша көңіл бөліп, ынталы кәсіпкерлердің бизнесін бастауға қолайлы жағдай жасады. Міне, соның нәтижесінде бұл салада облыста көш басындамыз.
2019 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны – 4099. Оның 250 заңды тұлға, 1621 шаруа қожалығы, 2225 жеке кәсіпкер. Ондағы белсенді субъектілер саны 3960 бірлікке, ал жұмыспен қамтылған адамдар саны 9244 адамға жетіп, 3401,2 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, түрлі қызметтерді көр­сетті. 2019 жылдың 6 айында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 608 бірлікке жеткен. Аудан бойынша халық санына шаққанда тіркелген кәсіпкерлер үлесі 4,8 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес ауданда үстіміздегі жылы 300 жоба бойынша несие алу жұмыстары жоспарланған. Осы бағдарламаның ІІ бағыты «Бастау Бизнес» жобасына бүгінгі таңға 274 адам оқуға өтініш берген. Ал осы жобаға биылғы жылы 120 адам оқыту жоспарланған. Облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалы арқылы 80 адам оқуын бітіріп жобаларын қорғап, тиісті сертификатын алған.
Оған қоса, «Бизнес Кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 90 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 64 адам оқып сертификаттарын алды. Ендігі кезекте, несиелендіру бағытында атқарылған шаруаға тоқталсақ.
Біріншіден, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 456,9 млн. теңгенің 91 жобасына несие алынған.
Екіншіден, «Микробизнес-Кызылорда» бағ­дарламасы арқылы 52,5 млн теңгенің 11 жоба­сына несие алған.
Үшіншіден, «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 122,9 млн. теңге болатын 7 жоба несиемен қаржыландырылған. Ал құны 384,9 млн теңгені құрайтың 3 жоба бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерден мақұлданып, ары қарай «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорында қаралып жатқаны белгілі болды. Құны 15 млн. теңге болатын 2 жоба екінші деңгейлі банктерде қаралуда. Оған қоса, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы барлығы 183,2 млн. теңгенің 20 жобасы несиеленді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың жарты жыл­дығында Жаңақорған кентінде жоба құны 180 млн. теңге құрайтын «Қара-Бура» сауда орталығы, жоба құны 120 млн. теңгені құрайтын «1 Тиын» сауда үйі және жоба құны 70 млн тенгені құрайтын «Арон» қонақ үйі іске қосылды. Осы жобалар қазіргі таңда 20-дан астам адамды жаңа жұмыспен қамтып отыр.
27 шілде 2019 ж. 973 0