№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұмыс жүйелі жалғасып жатыр

Жұмыс жүйелі жалғасып жатыр

– Тазалық – бір күндік немесе маусымдық қана шара емес. Ол жүйелі жалғасатын, жекенің ғана емес, көп болып жұмылып, жанашырлықпен атсалысқанда ғана жинақы атқарылып, жарқын тұрмысымызда жағымды ахуал туғызатын жалпыхалықтық міндет. Тұрған жеріміздің тазалығын тәртіпке келтіруде үнемі іс басында жүріп осыны түйдім.


Аудан жұртшылығы нарықтық қатынастарға бейімделіп, өздігінше кәсіп қылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңаруына, ел тұрмысының еңселене түсуіне қаншама талапты тірліктер жасалынып жатыр. Бұл қуанарлық жәйт. Соның қабатында өзіміз тұратын құтты қонысымыздың экологиялық ахуалына да айрықша назар аударып, мәдениетімізге мін түсірмесек нұр үстіне нұр болар еді.
Аудан басшылығына жаңадан тағайындалған әкім Сұлтан Мақашов келген күннен бастап тазалыққа мән беріп, табанды талап қойып отыр. Өйткені тұрақты даму стратегиямыз саламатты өмір салтымен тығыз байланысты. Сондықтан оны екінші кезектегі мәселе ретінде ысырып қоюға болмайды.
Аймақ тазалығын ретке келтіруде бұған дейін де қаншама іс-шаралар атқарылып келді. Бірақ ықыласты жұмыстың нәтижесінің болмауы әлі де жауапты көзқарастың кемшіндігінен дер едім.
Тазалық – адам өмірінің ажырамас серігі ретінде бір сәтте жоспардан түспеуі тиіс. Сонда ғана оның нәтижесі болады. Осы мақсатта қадағалау органдары және қарапайым тұрғындар арасында белсенді тұлғалардан жұмысшы тобы құрылып, жан-жақты іске кірісіп кетті. Жаңақорған территориясын жаппай тазалау жұмысы салалық бөлімдерге жүктеліп, әр сенбі ұжым-мекемелер ұйымдасқан түрде ортақ іске атсалысып, арқаға аяздай батқан ауыртпалықтардан біраз жеңілдеп қалдық. Тазалау жұмыстарын алдымен Жаңақорғанның шет аймағындағы алаңдардан бастадық. Қоныс ішін тазалағанмен айналасынан желмен ұшып келетін қоқырсық қалдықтары еңбекті еш ететін болғандықтан, алдымен осы аймақтардың тазалығын ретке келтіруде 200 га аумақта артық-ауыс қоқырсық жерге көміліп, беті тегістеліп, толық тазартылды. Саяжай, Алтыкрант, Ипподром, Май бекеті көшелерін ретке келтіруде қол күшіне қоса 4-5 арнайы техниканы жалдаған ынтымақты тірліктің арқасында елдің етек-жеңі жиналып, еңсеміз көтеріліп қалғандай еді. Мына жолсыздықты қараңыз, екі-үш апта өтпей басында табанымыздан тік тұрып, айнадай тазарғанына өзіміз куә болған, қоғамдық іске қоғадай жапырылып, қаншама аумақты жып-жылмағай жинап-теріп кеткен көше бойларына әлдекімдер қайтадан қоқыс төгіп, ластап тастағанын көргенде жанымыз ауырды. Бұл не? Мәдениетіміздің тапшылығы, өреміздің таяздығы ма? Тұрғындарға көшені тазалау жөнінде айта қалсаңыз «мен көшені неге тазалаймын?. Ол менің емес, мемлекеттің меншігі» деп уәж айтып құқын, мүддесін қорғаған болады. Сол мемлекеттің жерін көпекөрнеу ластап, көшеге қоқыс тастағанда заңдық мүдде, ереже деген неге ұмыт қалады?
– Көпшіліктің ортақ игілігі көшеге қоқыс тастап, тәртіпті бұзғандарға қандай шаралар көріледі?
– Жұмысшы тобының көшелерге реид жасау барысында 18 тұлғаға ескерту берілді. Бұлар тұрғын үйінде немесе кәсіпкерлік нысанда құрылыс жүргізгендер. Жұмыс барысында пайдаланған материалдар – тас, құм, кесек т.б қалдықтар көше бойында үйіліп, ары-бері өткен автокөлік жүргіншілер қауіпсіздігіне де кедергі келітіріп тұр. Оның үстіне көше келбетін де өрескел бұзып тұр. Осы жайлар тұрғын үй мен нысан иелеріне ескертіліп, жартысы сыннан қорытынды шығарды. Талапты орындамаған 8 тұлғаға қатысты құзырлы уәкілдер қатысуымен хаттама толтырылып, полиция бөліміне берілді. Енді арнайы бап бойынша айыппұл тағайындалып, өндірілетін болады.
– Мұндай келеңсіздікке ұшырап, отбасы бюджетіне салмақ түспеуі үшін тұрғындар не істеуі керек? Қандай талап ережелер бар?
– Үй-жайын таза ұстап, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығарып отыру үшін кентте екі мекеме жұмысқа кірісті. Отбасы егелері қалдық салынған қапшықтарды үй жанына шығарып қойса осы мекеме жігіттері жүйелі түрде алып кетіп жатыр. Еңбегіне ақы талап етіп жатқан жоқ. Алдағы уақытта жұмыс үздіксіз жалғасын табуы үшін белгілі мөлшерде тариф бекітілу қажеттігі туындады. Көлік тасымалы шығынын өтеудің тиімді тәсілі осы. Сол себепті, әр отбасы жан басына шаққанда бір айда 65 теңгеден қоқыс тасымалы үшін ақша төлейтін болады. Коммуналдық қызметке ақы төлеуді бір орталыққа ыңғайластыруда «Жаңақорған жарығы» мекемесі таңдалып отыр. Газ мекемесі де сонда орналасатын болады. Тұрғындар жарыққа, жылуға ақша төлеуге келгенде тазалық мекемесімен де есептесіп отыруды бір дағдыға айналдырғаны жөн. Бұл қалтаға да аса ауыр салмақ салмайды, есесіне көшеге қоқыс тастап айыппұл арқалаудан аман жүресіз.
Кентті таза ұстауда көше комитеті төрағаларының үлкен ықпалы бар. Осы орайда Сапарбеков көшесін өте таза көше деп есептеуге болады. Жарық бағаналары түгел, жолы асфальтталған, жол бойы егілген ағаштар түбі жыл сайын ақталып, күтімге алынады. Көше тұрғындарын осындай ынтымақты іске жұмылдыруда төрағалардың табанды еңбектерін жоққа шығаруға болмайды. Барлық көше намысты қолдан бермей бірауызды жұмыс жасаса осындай деңгейден көрінген болар еді.
Серқожа Ыдырысов,
аудан әкімінің кеңесшісі
17 қараша 2019 ж. 603 0