ОРТАҚ МІНДЕТ
– «Мемлекеттік сатып алу конкурсынан тазалық жүргізуді жеңіп алғаннан кейін, жұмыс өнімділігін арттыру қажет», – дейтіндер көп. Қазіргі таңда бір-бір камаз, газел мен погрузчикті тазалық жұмысына жұмылдырдық. Олардың негізгі міндеті көше бойындағы қоқыстарды жинап, салып әкету. Бірақ, шындығын айту керек, кенттің кейбір тұрғындары көше бойына бос құтылар мен салафан қалталарын ғана емес, малдың қилары мен тезектерін, одан қала берсе ауласының ішіндегі қоқыс топырағы мен күлін де төгуді әдетке айналдырған. Тазалық ластанбайтын жерде ғана сақталады. Осыны тұрғындардың санасына сіңіру қажет-ақ.
Жалпы, тазалық жұмыстарында ілгерушілік жоқ емес. Басшылар тарапынан жұмыстар жасалынып жатыр. Тазалық туралы түсінікті отбасыдан бастамай ешнәрсе өнбейді. Ең әуелі, халықтың тазалық мәдениеті, сана-сезімі, әл-ауқаты жоғарылауы керек.
Айдар Абдуллаев,
«Ұшқын» мүгедектерінің
оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС өкілі: