Мына көшелерді көрсеңіз, адам шошырлықтай!
«Үш күнге өмір сүрсең де, таза жерде тұр» деген бар. Әрине, бұл тап үш-ақ тәулік күн кешу жайында емес, уақытша ғана тұрақтасаң да, айналаңды таза ұста, тиянақты бол дегенге меңзеген сөз екені анық. Бірақ бұл жолы біз күндікше тұрақтауды былай қойып, өмір бойы тірлігіңді жасап, мекендеп жүрген орта тазалығын сөз етпекпіз.
Қазіргі таңда шешімі күрделі мәселелердің бірі - көше тазалығы болып отыр. Ауыл әкімдігінің басшылығымен ағымдағы жылдың қараша айы басталысымен мекемелердің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік ұйымдастырылған болатын. Алайда, күн райының суытуына байланысты барлық көшелерге тазалық жұмысын жүргізу жоспары орындалмағаны бар. Ауыл тазалығы үшін әр тұрғынға үйлерінің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізу турасында үндеу тасталынды.
Елді мекеннің тазалығы үшін әр тұрғын саналы түрде тазалық шараларын сақтаса, ауыл-аймақ
көркейіп, көздеген нәтижеге қол жеткізер едік. Тазалықты ауадай қажетсініп-ақ тұрған ортаңыз болса, көзі ашық, көкірегі ояу замандастарымызды ұйымшылдықпен тазалыққа шақыру - азаматтық парызымыз деп білгеніміз жөн ғой. Ал сенің үйіңнің айналасының тазалығы қалай, ағайын?
"ЖТ" ақпарат.