№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рүстемов кенттегі ең лас жерлерді атады

Рүстемов кенттегі ең лас жерлерді атады


Ауданға Сұлтан Мақашов әкім болып келгелі дүркін-дүркін тазалық мәселесі көтеріліп, арнайы топ рейдке шығуды көбейтті. Тиісті мекемелер тазалық мәселесіне шынайы кірісті. Бірақ бәрі тазалаумен шешілсе жақсы ғой. Тазалықты сақтау маңызды болып тұр. Осы ретте, «Тазылық» ЖШС директоры Мұхаммеджан Рүстемовты әңгімеге тартқан едік.


– Тазалық – кент мәдениетінің бір белгісі. Кент тазалығына әсіресе көктем мен күз мезгілдерінде мән беріледі. Әрине, құптарлық жағдай. Мұнымен кент тазарып қалмайтыны анық. Ол үшін тұрғындардың экологиялық сауаттылығын, тазалық мәдениетін арттыру маңызды деп ойлаймын. Мәселен, Жапонияның тәжірибесін алыңыз. Онда мектептен тазалықты сақтауға баулиды. Сондықтан болар әлем елдері жапондықтардың тазалыққа ерекше мән беретінін сүйсіне айтады. Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтті. Күншығыс елі табысты ойын өрнегімен көзге түсе алмады. Бірақ ресейлік журналистер жапондар жайлы жарыса жазды. Неге? Өйткені олар тұрған қонақ үйі мен отырған жерлерін тазалап, қатты заттарды тек арнайы орындарға тастайды. Расында жазуға тұрарлық дүние ғой! – деп бастады әңгімесін ол.
– Бүгінгі ең өзекті мәселе экологиялық тазалық дейсіз ғой!
– Иә, экология ең өзекті мәселеге айналды. Дамыған елдер биосфераны сақтауға мән беруде. Бізде ғой, табиғи процесте жойылуына жүздеген жылдар кететін полиэтилен пакеттер, памперстерді далаға лақтырып кете береді.
– Экологиялық тазалықтың бұзылуына полиэтилен пакеттер мен памперстер ғана әсер етпейтін шығар.
– Бүгін-ертең әсер етпегенімен, оншақты жылда сасып, памперстегі зәрлерден химиялық процесс түзіліп, улы заттар бөлінуі мүмкін. Зиянын сол кезде көреміз. Айналып келгенде, мұның бәрі адамның денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық.
– Қайткенде тазалық болады?
– Ең бірінші, аудан тұрғындарын түсінік-танымындағы көшенің немесе кенттің тазалығына әкімдік жауапты деген ойдан арылту керек. Қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосу мынау үлкен, мынау жас деп жіктелмейді. Бәрі бірдей атсалысуы тиіс. Екіншіден, мектеп жасынан балаларға тазалықты сақтаудың маңызын түсіндіру керек. Әрбір мектептің жанында сауда орындары бар. Дүкеннен шыққан оқушылар қажетсіз заттарын жерге лақтырып жүре береді. Әрине барлық оқушы емес. Үшіншіден, кенттегі саудан орындарының иелері қоқыс тастайтын арнайы ыдыстар қойғаны абзал. Адам қажетсіз затты үйіне дейін апармайтыны белгілі. Сондықтан далаға тастайды. Төртіншіден, жергілікті полиция мен кент әкімдігінің өкілдері қоқыс тастаған адамдарға айыппұл салып, тәртіпке шақырса дұрыс болар еді. Бесіншіден, тазалық мәселесі мезгіл талғамайды. Қысы-жазы ұдайы жүргізілуі тиіс.
Аудан әкімінің тапсырмасымен кент екіге бөліп тазаланады. Нұрлан Садуақасов басқаратын «Нұр-Шах» кәсіпорны мен «Тазалық» ЖШС тазалыққа жауапты.
– Сіздерге кенттің қай бөлігі тиісілі?
– МАИ бекеті, Алтыкрант, Санатория, Жаңауыл, Қорғантоғайдың бір бөлігі, С.Қожанов, З.Мұсаханов көшесі аумағының тазалығына жауаптымыз.
– Тазалықты қалай жүргізесіздер?
– Аудандық мәслихаттың шешімі бойынша отбасындағы адам санына байланысты тазалыққа 65 теңге төлеуі тиіс. Қазір осы бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шартқа отырған тұрғындар тұрмыстық қатты заттарды пакетке немесе қапқа салып есігінің алдына қоюы тиіс. Біз күнделікті жиналған қоқысты әкетеміз. Айта кететіні, бұған малдың қиы, құрылыстан шыққан заттар жатпайды.
– Техника жеткілікті ме?
– Бізде қол күші де, техника да жеткілікті. 10 адам жұмыс жасайды. Бір су себетін, сыпыратын, қоқысты әкететін және таситын 3 көлік сақадай сай.
– Сенбіліктер жүргізілуде. Мұны ескірген тетікке балайтындар да бар? Бұған не дейсіз?
– Сенбіліктер жүргізілмесе Жаңақорған кенті үйілген қоқырсықтың қоймасына айналар еді. Аудандық білім бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қаржы бөлімі, кент әкімдігі, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі және т.б сенбіліктерге белсенді қатысты. Сол мекемелер тазалаған жерлеріне бірнеше күннен кейін қайта барсаңыз, тау болған тастандыларды тағы көресіз. Бұл мәселеге көше комитеттері де атсалысу керек секілді.
– Үлгілі көше комитеттері бар ма?
– Әрине, оған баға беретін біз емес. Бірақ С.Сапарбеков, Т.Тотаев, А.Файзулдаев және т.б көшелердің тазалығына, абаттандыру жұмыстарына қарап көше комитеттері жақсы жұмыс жасайтынын көруге болады.
– Кенттегі ең лас жерлерді атай аласыз ба?
– Алтыкрант, Саяжай, МАИ бекеті аумағы.

Сұхбаттасқан Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
06 қараша 2019 ж. 1 670 0