№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенттің санитарлық тазалығы сын көтермейді

Кенттің санитарлық тазалығы сын көтермейді

«Күлтөбенің басында күнде жиын» демекші, бұл басқосу бұрынғыдан өзгерек. Жаңақорған кентінің «бас ауруына» айналған санитарлық тазалық  мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Расында тазалық тақырыбы өзектілігін жоймайтын қағида. Қарапайым логикаға салсақ, екі айлық сенбілік науқанында он шақты мәрте сенбілікке шығамыз. Ең көп кездесетін қоқыс түрі: полиэтилен пакеті, пластик құты, энергетикалық сусын шынысы. Осы тұста, кент келбетіне көңілі қалған аудан әкімі Сұлтан Мақашов орынбасарлары мен сала басшылары, жетекші партия өкілі және жауапты мекеме басшыларының әкімдікте басын қосып, кеңес өткізді.
Ә дегеннен кенттің санитарлық тазалығы мүлдем сын көтермейтінін тілге тиек еткен Сұлтан Ысқақұлы әуелі бейнероликті тамашалап алуға мүмкіндік берді. Алып экраннан кенттің бүгінгі кейпін көрген басшылар басын төмен қаратып, ұялғандай кейіп танытты. Ақиқатында бұл біздің һәм сіздің күнделікті көріп жүрген үйреншікті таныс мекендер еді. Саяжайдан бастап, Ипподром, Маи бекеті, Алты крант, Алтынсарин мөлтекауданы, кенттің бас көшелері мен орталық базар артындағы шашылған қоқыстан әкімдік қызметкерлері «керемет» клип түсіріпті. Басшыларды қайдам, біз өзіміз роликтің тезірек бітуін тағатсыздана күттік. Өйткені, қоқыстың қақ ортасында өмір сүріп жатқанымыз айтпаса да түсінікті еді. Хош. Жиналысқа көшсек.
Әуелі аудан әкімі кенттің бүкіл аумағын аралап шыққанын айта келе, санитарлық тазалықты Сириядағы қиранды үйінділермен салыстырды. Аяқ алып жүре алмайтын қоқысты тазартуда кент әкімдігі жұмысты дұрыс үйлестірмегенін қадап айтты. «Кент әкімдігі жыл басынан бері санитарлық тазалыққа қатысты қандай жұмыстар атқарды?». Бұл аудан әкімінің кент әкімі Әбунасыр Бекишевке қойған сауалы. Өз кезегінде Әбунасыр Ақайдарұлы атқарылған жұмыстарды баяндағаны сол еді Сұлтан Ысқақұлы жауапқа қанағаттанбайтынын кесіп айтты. «Егер тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілген болса, кент мұндай кейіпке енбес еді» деген Сұлтан Мақашов кент әкімінен мәселенің нақты шешу жолын сұрады. Осы тұста, кент әкімінің орынбасары Жарас Мырзалиев орнынан тұрып, екі ай уақыт беруін сұрады. Бұған келіспеген аудан әкімі мәселе екі айда емес, Жаңақорғанның жыл он екі ай бойы таза болуы үшін қайтпек керек? деген сауалын қайта ортаға тастады.
Көптің арасынан жаңақорғандық жеке кәсіпкер, қатты қалдықтарды қайта өңдеумен айналысып жүрген Нұрлан Садуақасов өз ойын ортаға салды.
– Бүгінгі таңда бір жылдан асты бұл бағытта жұмыс жасап жатқанымызға. Ең бірінші кезекте тұрғындарға ашық насихат жүргізсек. Яғни әрбір үймен жеке-жеке келісімшартқа отырып, аптаның бір күнін белгілеп, қоқыстарды сол белгіленген күні алып кетсек. Әрине қапқа сұрыпталып салынса тіптен жақсы. Әрі пластикалық құтылар мен шыны бөтелкелерді ақшасына сатып аламыз. Бұл екі тарапқа да тиімді ұсыныс. Оған қоса, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында полигон соғуға мүмкіндігіміз бар. Өйткені, кенттің қазіргі қолданыстағы қоқыс полигоны уақытша берілген, – деді Нұрлан Шамшідінұлы.
Өз кезегінде кент әкімі Әбунасыр Бекишев аудан орталығында тазалыққа қатысты толық мамандандырылған, техникасы мен құрал-жабдығы сақадай сай мекеме жоқ екенін жеткізді. Осылайша бір сағат қырық үш минутқа созылған тазалық кеңесінің нүктесін Сұлтан Мақашов қойды.
Біріншіден, қазан айының соңына дейін Жаңақорған кенті жылан жалағандай тап-таза болуы шарт. Екіншіден, санитарлық тазалық конкурсына қатысатын мердігер компания мен мекемелер саны кемі екеу болуы керек. Өйткені, кентте 5200 отбасы мен 150 көше бар. Мамандандырылған мекеменің өзі бұған үлгермейді. Сондықтан аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы Әбунасыр Ақайдарұлына тазалыққа қатысты кенттің шекарасын екі аумаққа бөліп тазалауды тапсырды. Үшіншіден, кент әкімдігі, жергілікті полиция бірлесіп, тұрғындармен  қоқыс шығарудың ақылы қызметіне қатысты келсімшартқа отыру керектігін тапсырды. Төртшіден, «жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» деген қағиданы іске қосу. Қоғамдық тазалықшылар бекітілген аумағын, мемлекеттік мекемелер екі айлық тазалық науқанында әрбір мөлтекауданға бөлініп тазалау, ал тазалық мекемесі тұрақты жұмысын тиянақты атқару керек. Оған қоса, тұрғындардың да тазалық мәдениетіне салғырт қарамай, жауапкершілік танытуына қаперге алды. Осылайша «істі ұйымдастыра білген ұтады» деген Сұлтан Мақашов мәселе қаржы да емес, дұрыс үйлестіре білуде екенімен түйіндеді.
                                                                         

12 қазан 2019 ж. 1 363 0