№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қожакенттегі мектеп газетке жазылуда көш басында

Қожакенттегі мектеп газетке жазылуда көш басында


ХХІ ғасыр ақпараттық-коммуникациялық технологиялар заманында ақпарат таратудың тетігі көбейіп, ақпараттық тасқынның арасынан шындықты тану күннен-күнге қиындап барады. Осы ретте, қарымды қаламгер Шерхан Мұртаза айтқандай, «жегені жантақ, арқаланғаны алтын» журналистер жылт еткен жаңалықты оқырманына жеткізуге асығып ақ пен қараның арасын ажыратып, шынайы ақпаратты саралап беру жолында аттан түскен емес.


Бүгінде әр газеттің бедел-бейнесін белсенді оқырманымен, таралым дең­гейімен сараптайтыны белгілі. Шүкір, бұл тұрғыда «Жаңақорған тыны­сы» газеті жергілікті биліктің де, оқырмандардың да қолдауын шынайы сезініп келеді.
2020 жылдың бірінші жарты­жылдығына жазылу науқаны бел ортасынан асып, мәреге жақындап қалды. Ауылдық округтер, мектептер мен балабақшалар тарапынан белсенділік төмен екенін айту керек. Әйтсе де санасы сергек, талғампаз аудан тұрғындарының рухани серігіне айналған үнжарияның таралымын арт­тыратынына сеніміміз мол.
Сонымен кім алда? Алдымен ағарту саласынан бастасақ. Кенттегі мектептерге қарағанда ауылдық округ­тегі білім ошақтарының бел­сенділігі көңіл қуантады. Мәселен, Қожакенттегі №168 мектеп қазір көш басында. Оның соңынан №53, №55, №195, №208 білім беру ордасы келеді. Аядай ғана №242 мектептің барлық ұстазы газетке жазылды. Міне, руханиятты, газетті қолдау деген осы! Біздің бір білетініміз, мұғалімдер төл басылымға жазылуда ешқашан сараңдық танытқан емес, қайта рухани тереңдігімен үлгі болып келеді. Осындай педагогтар қауымы патриоттық сезімін көрсететініне сене­міз.
Енді ауылдық округтердің белсен­ділігін таразылап көрейік. Әзірге тау беткейдегі ауылдардың үлесі басым. Ақүйік пен Қосүйеңкі ауылдық округі көш басында. Төменарық ауылдық округінің де қарқыны жақсы. Аядай ғана Көктөбенің газетке жазылу көрсеткіші көңілді көркейтеді. Қалған елді мекендер жөнінде жарытып айтуға болмай тұр.
Жаңақорған жаршысының негізгі тұтынушыларының бірі – мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері екені рас. Соңғы жылдары құқық қорғау саласының мамандары газетке жазы­луда ерекше ықылас танытып келеді. Мәселен, аудандық полиция бөлімі 2017 жылы 60 данадан асырса, 2018 жылы 71-ке жеткізді. Биыл да осы межеден түспеді. Жыл сайын құқық қорғау саласының қызметкерлері тұрақ­ты оқырманымыз екенін сезініп келе­міз. «Жаңақорған шипажайы» АҚ, агро-техникалық колледж мен «СКЗ-U» ЖШС өндіріс орны да жыл сайын бізбен бірге. Олардан да белсенділік күтетініміз шындық.
Орталық кітапхана мен аудандық мәдениет үйінің белсенділігін атап өткен жөн. Аудандық қаржы мен спорт бөлімі, мемлекеттік сатып алу, аудандық су шаруашылығы бөлімі мен тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі төл газетке бей-жай қарамайды. Рухани қазынадан калыс қалмайтын аудан әкімінің аппараты мен білім бөліміне газетке жазылуды насихаттаудың өзі артық.
Баспасөзге жазылуға әркім ерікті. Санасы сергек, танымы терең, рухы асқақ, таным-талғамы жоғары жаңақорғандықтар төл газетті қолдауын бір биыл емес, жыл сайын дәлелдеп келеді. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқан кезде газеттен бас тартуға әсте болмайды. Мемлекеттік саясат пен бағдарламаларды халыққа жеткізуде газет өз мінберінде тұр. Қайта бәсекеге қабілеттілігін шыңдап, ақпарат айданында өмір сүре береді. Әрине, қалың оқырманның қолдауымен. Ендеше, ауданның төл басылымы – «Жаңақорған тынысын» қолдауды ұмыт қалдырмаңыздар.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
09 қараша 2019 ж. 555 0