№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан тұрғындарының рухани серігіне айналған үнжарияның таралымын арттыратынына сеніміміз мол

Аудан тұрғындарының рухани серігіне айналған үнжарияның таралымын арттыратынына сеніміміз мол

   Жаңалыққа жаны құмар жаңақорғандықтардың рухани жолдасына, ауданның айнасына айналған «Жаңақорған тынысы» газетіне 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына жазылу науқаны мәреге таяу. 2018 жылдың екінші жартысымен салыстырғанда жазылу бәсеңдеу жүруде. Әйтсе де, санасы сергек, талғампаз аудан тұрғындарының рухани серігіне айналған үнжарияның таралымын арттыратынына сеніміміз мол.


  Бүгінде төл газеттің беттелуі заман талабына сай безендірілуде. Басылымның жоғарғы деңгейде дайындалуы – берілген тапсырманы уақытылы орындап, ауызбіршілікпен жұмыс жасайтын ұйымшыл ұжымның арқасы. Дегенмен, барлығынан маңыздысы оқырманның қолдауы.

   Иә, оқырмансыз газет – тұл. Бұл ретте білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары «Жаңақорған тынысының» белсенді оқырмандары. Мәселен, Болат Ибрагимов пен Яхия Шорабаев басқаратын сала өзгелермен салыстырғанда жазылу саны жөнінен көш бастап тұр. Бұл ретте денсаулық саласы мен білім бөлімінің басылымға деген қамқорлығы көпке үлгі. Ал, мекеме, кәсіпорындар арасынан аудан әкімінің аппараты, «Жаңақорған шипажайы» АҚ, аудандық орталық кітапхана, аудандық ішкі істер бөлімі, агроколледж, орман шаруашылығы мен ветеринариялық станция алдыңғы қатарда. Ауылдық округтер арасында Аққорған, Кейден, Жайылма, Қосүйеңкі ауылдық округтерінің тұрғындары Төл басылымның шынайы қолдаушылары екенін дәлелдеді. Жаңақорған және Шалқия кенті, Талап, Жаңарық, Келінтөбе, Қаратөбе ауылдық округі «Баспасөз-2019» науқанына өте сылбыр араласып отырғанын айту қажет. Ал, мектепке дейінгі мекемелер арасынан №28 «Алпамыс» санаториялық бөбекжайы, «Болашақ» мемлекеттік балабақшасы, «Ақбота» балабақшасы, Арнайы балабақша мен «Аялы алақан», «Гүлдер» және «Іңкәр-ай» бөбекжайларының төл басылымға жазылу белсенділігі жоғары. Құрметті оқырман! Әлі де болса төл басылымға жазылуға мүмкіндігіңіз бар. Аудан патриоты ретінде сүйікті газеттен шет қалмаңыз!

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
12 желтоқсан 2018 ж. 1 134 0