МЕНІҢ ГАЗЕТІМ!
– Сөзден үлкен қару жоқ. Ақпарат айдынында, сөзі үстемнің, бағы үстем. Осы тұста, Жаңақорған ауданының әрбір жаңалығын, елге жеткізуге асығатын аудандық төл басылымға оқырмандардың құрметі биік. Әрдайым ұлттың ұпайын түгендеу жолында алдына жан салмайтын журналистер қауымына дән ризамыз. Бұл үрдіске төккен тер, еткен еңбек еш кетпесі анық. Мұның қатарында қаламы қарымды тілшілердің журиналистік зерттеуі мен мәдени-рухани бағыттағы жылт еткен жаңалықты дер кезінде жариялауы – мәдениет өкілдерінің мазмұнды жұмысына деген ақпараттық демеуі деп білеміз. Бүгінде заман ыңғайына сай дизайны жаңарып, мазмұны байып келе жатқан «Жаңақорған тынысы» газетіне жазылуды мәдениет майталмандары бастап кетті.
Зульфия ШАЛАБАЕВА,
аудандық мәдениет үйінің директоры: