№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім алда?


Баспасөзге 2018 жылдың екінші жарты жылдығына жазылу науқаны да мәреге таяды. Бұл біздің қоғамда әбден қалыптасқан қағида болғандықтан артық түсініктің, насихаттың қажеттілігі аз сияқты. Ақпарат көздіктері қарқынды дамыған қазіргі күні де салмағы басым, қауесетке емес мемлекеттік деңгейде қауіпсіздігі кепілдендірілген нақты деректерге ғана негізделген «Егемен Қазақстан» сынды бас басылымнан бастап жергілікті мерзімді басылымдар маңыздылығын кеміткен емес. Қайта заман ағымымен түрленіп, дизаины айшықталып, мазмұн-мәйегі жаңара түсуде.
Жылт етіп жұрт назарын аударар желілер көп сенсация қуған жалықпай, ал, айтқан сөзі тасқа басқан танықтай «өзі бір күндік, сөзі мың күндік» саяси басылымдардағы әрбір жарияланымның астарында таудай жауапкершілік жатады.
Ал, туған жер төл жарияланымының орны тіптен бөлек. Онда өзің өмір сүріп, ауасын жұтып, суын ішкен атамекеннің тыныс-тіршілігі бүлкілдеп соғып тұр. Онымен күн сайын танысып, пікір түйіп, ой тарқатуға, тіпті өзі де үн қосып, қалам тербеуге де талаптанып тұратын қалың оқырманның қатары қалыңдап келеді. Бұл саналық кемелденудің белгісі.
Біз «Жаңақорған тынысы» газетіне жазылымның бүгінгі жағдайына тоқталсақ былтырғы меженің жартысына да аяқ іліктіре алмаппыз.
Неге? Мұның себебі немқұрайдылықта ма, әлде «алда әлі уақыт бар ғой, үлгерерміз» дейтін баяғы бейқамдықтан ба? Газетке жазылуда басқасын былай қойғанда аудан әкімі аппаратының, білім бөлімі, аудандық әлеуметтік қорғау, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды мекеме-ұжымдардың қозғалыссыз жатуы қалай?
Ауылшаруашылығы бөлімі, құрылыс, өрт сөндіру бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, халық банкі, агро-техникалық колледж, Қазпочта, телекоммуникация, аудандық Мемлекеттік кірістер басқарамасы, «Шалқия шипажайы», «Жаңақорған жарығы» сынды көрнекті мекемелердің көш соңында қалуы көңілге сиятын көрініс емес.
Мектептердің де көбі үнсіз жатыр. Жазғы демалыс қарсаңында ұстаздар бір «байып» қалатын еді ғой, осы бірер күнде баспасөзге жазылуды біржақты етер деген сеніммен бірде-бірінің атын атап, түсін түстегіміз жоқ. Әйтпесе 42 мектептің тең жарымының жазылу көрсеткіші «0»-ді көрсетіп тұр.
Кент, ауылдық округ әкімдіктеріне тоқталсақ. Бұл ретте, Төменарық ауылдық округі тұрғындарының ғана белсенділігін ерекше атауға болады. Байкенже, Қыркеңсе және Өзгент әкімдігі жұмысты жүйелеген. Қалған кент және ауылдық округ әкімдіктері науқанға бей-жай қарап отыр. Жаңақорған кенті не бәрі 83 дана газетке жазылған. Мұндай көрсеткіш 4419 түтіні бар аудан орталығы үшін ұят-ақ. Шалқия кенті де мәз емес. Не бәрі 24 тұрғын төл газетті алуға ниет танытыпты. Талап (9), Көктөбе (10), Қыраш (12), Манап (14), Қандөз (14), Сүттіқұдық (16), Қожамберді (18), Жаңарық (20), Екпінді (21), Қожакент (23), Кейден (24), Қосүйеңкі (37), Қаратөбе (39) және Ақүйік (47), Жайылма (48) ауылдық округі арқаны кеңге салып отыр.
Баспасөзге жазылу – басқару интеллектінің бір қырын белгілейтін науқан. Рухани әлеуеті биік тұлғаға талаптың да, тапсырманың да қажеті жоқ.
Ал санаулы ғана күнде қорытындылар саяси науқанда кімнің салмағы басым түсеріне уақыт төреші. Нәтижесін міндетті түрде газет бетінде жариялайтын боламыз.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
26 мамыр 2018 ж. 1 268 0