№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, ОЙЛЫ ОҚЫРМАН!

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, ОЙЛЫ ОҚЫРМАН!

  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деуінде үлкен мән бар. Ұлт қайраткерінің «Қазақ» газетінің №1 нөмірінде «Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек. Дүниенің төріне қызыққандар төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр. Есікте қалмай, төрге тырмысалық, басқалар төрге қарай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік. Басқалардың заманға қарай өтіп жатқан амалын көруімізге газет-журнал керек» дегенінен газеттің мән-маңызын түсінесіз, қажеттілігін бағамдайсыз.
Содан бері ғасыр озса да халықтың сөзін сөйлеп, елдікті насихаттайтын газетке сұраныс төмендеген жоқ. Қайта уақыт өткен сайын терең талданған, саяси мені сараланған материалдарға сұраныс артты. Мұны жаңақорғандық оқырмандардың ықылас-ілтипатынан жақсы білеміз. Сондықтан «Жаңақорған тынысы» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы заманға лайықты бейімделуге күш салып, ақпараттық трендтерді меңгеруді басшылыққа алды.

  Жақында төл газеттің белсенді оқырманымен дастархандас болдым. Әңгіменің ұшы-қиыры бола ма? Сөзден сөз туындап, ойды ой қуып, басылымның бүгінгі бағыт-бағдары әңгіме ауанына айналды. Жас тілшілердің қалам қуаты да тыс қалмады. Ойын түйіндей келе: «Баспасөзге жазылу науқанында «Кім алданы?» жиі оқып, қай ауыл, қай мекеме газеттің шын жанашыры екенінен хабардар болып отырушы едік» деді ойлы оқырманның бірі.
Расында «Кім алданы?» бағдарлап, үздіктерді сараламағалы біраз болыпты. Оның ретін 2019 жылдың IІ жарты жылдығына жазылуды қорытындылау барысында салмақтауды ұйғардық.
Бірден айтайық, басылымның негізгі тұтынушылары көзі ашық, көкірегі ояу ұстаздар қауымы екені сөзсіз. Мұны «Баспасөз-2019» науқанында да аңғардық. Барлық мектеп директорлары мен ұжымына қолдау білдіргеніне алғыс білдіремін.
Мәдениет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымның арасында тығыз қарым-қатаныс қалыптасқан. Сондықтан, мәдениет саласының өкілдері де газеттің негізгі қолдаушысы. Аудандық орталық аурухана ұжымы да «Жаңақорған тынысының» жанашырлары қатарынан көрінді.
Дегенмен ауылдық округ тұрғындары жауапты науқанда белсенді болды дей алмаймыз. Тек Сунақата, Жайылма, Қосүйеңкі, Байкенже және Қожакент, Аққорған, Келінтөбе, Жаңарық, Жаңақорған кенті, ауылдық округі әкімдігі газетке жазылуды ұтқыр ұйымдастыра алды.
Сүйікті басылымның тиражын көтеруге мекемелер де ерекше атсалысты. Айталық, Жаңақорған аграрлы-техникалық коледжі, «СКЗ-U» ЖШС, «Жаңақорған санаториясы» АҚ, аудандық полиция бөлімі, М.Көкенов атындағы мәдениет үйі мен аудандық кітапхана ұжымы оқырман саны артуына үлес қосты. Бұл санатқа аудандық тәрбие орталығын да қосу қажет-ақ.
Міне, үздіктер тұғыры осындай! Яғни абонемент саны – 6587 дананы құрап отыр. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда жоғары емес. Дегенмен аудан әкімдігі мен қалың оқырманның қолдауымен 7000 данаға жететін күн де алыс еместігіне сенемін.
Шығармашылық ұжым оқырман сенімінен шығу жолында ізденісін шыңдап, мазмұндық деңгейін арттыруға маңыз беретін болады.

Нұрлат АЙТЖАН.

02 шілде 2019 ж. 917 0