№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Таза қол» – денсаулықтың тұтқасы

«Таза қол» – денсаулықтың тұтқасы


Аудан орталығындағы бес мектепте және №3 мектеп интернаты лицейінде, сондай-ақ елді мекендер бойынша 35 білім ошағында оқушылардың қол жуу ережелеріне арналған әдістемелік дәрістер өтті.
Бұл шара балабақша мекендерін де қамтыды. «Жеке бас гигиенасын сақтау», «Таза қол», «Жедел ішек ауруының алдын алу» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында диктант, шығарма жазу ұйымдастырылды.
Сол сияқты аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында мұғалімдер мен тәрбиешілерді қатыстыра отырып, «Салауатты өмір салтын сақтау талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Халық арасында тұз, қант тұтынуды шектеу және дұрыс тамақтану туралы роликтер көрсетіліп, насихатталды. Қазіргі таңда аудан орталығындағы елді мекендердегі мектептерден өзге аудандық орталық ауруханада, аудандық емханада, елді мекендердегі аурухана және емхана бөлімшелерінде тазалық талаптары насихатталып, видеоролик көрсетілімдері таратылды. Жаңақорған кентіндегі №125, №163, №51, №56 – орта мектебі және елді мекендердегі орта мектептерде жоғары сынып оқушылары арасынан еріктілер тартып, аталған мектептерде 1-4 сынып оқушыларына қол жууды оқып үйрету тұрақты түрде жүргізілді. Барлық мектеп ұйымдарында тәрбие беру нысандарында балалар мен қызметкерлер арасында сауалнамалар ұйымдастырылды.

Шынар БЕРДАЛИЕВА.
02 маусым 2018 ж. 2 779 0