№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ИННОВАЦИЯ: САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ИГІЛІГІ

ИННОВАЦИЯ: САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ИГІЛІГІ


Өспірімнің бойында ұлттық сананы оятып, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіруде мектептің орны ерекше. Сондықтан баланың сапалы білім алуы үшін үздік мектеп таңдап, білім ордасында өтетін алғашқы қоңырауға ертіп барамыз. Биыл 220 ата-ана №110 мектеп-лицейді таңдап, баласының қызықшылығына ортақтасты.


Ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен ауданның «Құрметті азаматы», қоғам белсендісі Серік Мұсабай құттықтады. №110 мектеп-лицейдің ата-аналар комитетінің төрағасы, ел ағасы Әлайдар Әбушахман, ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров, кәсіпкер Абай Іскендіров жаңа оқу жылы жетістіктерге толы болуына тілектестік білдірді.
Мектеп директоры Әділмырза Таждинов:
– Бүгінгідей білім бәсекеге түскен уақытта мектептерге қойылар талап күшейіп, ұстаздарға артылар міндет еселене түсті. Себебі бүгінгі оқушының сұранысы тым жоғары. Біз инновациялық мектеп ретінде білім беру ісінде озық тәжірибелермен ерекшеленіп, жастардың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз тиіс. Осы жолда ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін, – деді.
Тұңғыш Президент Жолдауында орта білім беру саласын дамытудағы басым бағыт ретінде – Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі айқындалған болатын. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екендігі, бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болатындығын нақты белгіледі. Бұл дегеніміз, заманауи мектеп желісі зияткерлік мектептің үлгісіне дейін жетуі керек. Осы бағытта зияткерлік мектептерінің тәжірибесін білім беру ұйымдарына тарату маңызды. №110 мектеп-лицей осы бағытта бастамашыл жұмыстарды атқарып келеді.
Инновациялық білім беруде оқушының рухани, мəдени, интеллектуалдық дамуына жан-жақты жағдай жасап, терең ойлауды қалыптастыруы тиіс. Яғни білім беру мазмұны адамға оның сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандыратын дəрежеде құрылуы тиіс. Бұл инновациялық білім берудің өзіндік ерекшелігі болып табылады, ол сəйкесінше инновациялық мектептерде жүзеге асырылады.
Осындай жүйелі білім беру үрдісі №110 мектеп-лицейден көруге болады. Оның дәлелі білім ордасының шәкірттерінің түрлі деңгейдегі олимпиада, интеллектуалды сайыстарда, ғылыми жобаларда, спорттық және мәдени фестивальдар да жетістіктері жеткілікті. Өткен жылы Назгүл Муллахасан, Ғазиза Жұмабек, Қалкөз Ділназ, Жібек Кәрібаева, Асыл Мұсабек, Мақсат Нұрсұлтан, Зарина Қалкөз, Айым Русланқызы, Жанна Бектұрған, Нұримұхаммед Таждинов, Роллан Біржан, Әлайдар Балжан, Аружан Қожабек, Абдулазим Сайауышұлы, Ақнұр Низанды бөліп-жарып айтуға болады.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
03 қыркүйек 2019 ж. 889 0