№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Үздік үштіктен түспейтін білім ордасы

Үздік үштіктен түспейтін білім ордасы


70 жылға жуық тарихы бар №54 Жүсіп Қыдыров атындағы мектеп білім бәсекесінде болуы аталы сөзге мән беріп, басшылыққа алғанында. Соңғы үш жылда ҰБТ қорытындысы бойынша үздік үштіктен түскен емес. Сапалы білімі саналы тәрбиемен ұштасқан білім ордасына арнайы барып, озық тәжірибелерімен танысып қайттық.

2000-2001 оқу жылында «Облыстың үздік мектебі» атанған білім ошағы 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша аудандағы үздік білім ордасы болды. Бүгінде бұл мектепті Нұралхан Түктібаев басқарады.
– Бізде оқушыларды 5-сыныпқа қабылдайтын пән мұғалімдері 4-сынып оқушыларынан жылына екі рет негізгі пәндерден жазбаша, ауызша жұмыстар арқылы оқушы білімін тексеріп алады. 5-7 сыныптарда оқушылардың пәнге қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, 9-сыныпта өз мамандығын дұрыс қателеспей таңдауына бағыт-бағдар беріледі. Таңдаған мамандығы бойынша 10-сыныпта қай бағытта оқитыны анықталады. Ең негізгісі, оқушыларды 6-сыныптан қабылдап алып, 11-сыныпқа дейін бір ұстаз білім нәрімен сусындатып, нәтижесін көзбен көреді. Сонда ұстаздың да жауапкершілігі артады, – деп әңгімесін бастады мектеп директоры.
Жалпы, жетістіктің басты сыры оқушыларды 6-сыныптан қабылдап 11-сыныпқа дейін білім нәрімен сусындату. Міне, сапалы білім берудің сыры осында.
– Біздің мектептен елге белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар қанат қақты. Мектептің атын алған ақын-сазгер Жүсіп Қыдыровты, ақын Адырбек Сопыбековты қазақ елі мойындайды. Жазушы Байбота Қошым, Темірхан Момбеков, Абдолла-Алтый Сүлеймен, Бақтыбай Айнабеков, Оңалбай Садықовтың туындыларынан бірнеше буын ұрпағы тәлім-тәрбие алып, қалыптасты. Халық әртісі Төрехан Рамбердиев, Төлепберген Әбдірашов және т.б тұлғалармен мақтана аламыз. Ал, қазір сондай тұлғалардың ізін жалғап, үлгілі шәкірт тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаздардың еткен еңбегінің ұшан-теңіз екенін айта аламын, – деді мектеп басшысы.
Бүгінде білім ордасында 62 мұғалім бар. Оның 24-і жоғары білікті, 22-і бірінші санатты. Бәсекеге қабілетті болу үшін дамудың жолын іздеген ұтады. Ол үшін тәжірибе алмасып, өзгелерден өзіңе керекті үйрену жетістікке жетелейді. Осыны ескерген мектеп ұжымы өзге өңірлермен тәжірибе алмасып отырады.
– Алматы қаласындағы №86 мектеп, Түркістан қаласындағы «Дарын» мектебі, Қызылорда қаласындағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаздарымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Үнемі тәжірибе алмастырып, біліктілікті арттыруға мән береміз. Бірлескен жұмыстар арнайы жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіледі, – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алима Абдуллаева.
2018-2019 оқу жылында бітірген 35 оқушының 30-ы ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп, барлығы грант иегері атанған. Білім ошағының тағы бір артықшылығы жаттанды білімге қарағанда, негізді, дәлелді ілімге мән береді. Мәселен, оқушы дайындық тест кезінде биология пәнінен 17 сұраққа дұрыс жауап берді делік. Сол оқушы тестте дұрыс белгілеген 17 сұрақты ұстазы мен оқушылар алдында қорғайды. Яғни, аталған сұрақтың жауабын белгілеу кезінде неге сүйінгені (қандай оқулықтан оқығаны) сұралады. Ал, білмеген сұрақтарымен пән мұғалімімен жұмыс жасайды. Осылайша тест жаттатпай, пікір-талас алаңы ретінде оқушыны еркін әрі теориялық тұрғыда дайындайды.
Түйіндей айтқанда, мектептің үлгі етер жетістіктері мен білім берудегі озық тұстарын сараптап көрдік. Сондықтан, білім биігіндегі бәсекелестікке қабілетті болу жолында мұндай көкжиегі кең білім ошақтарымен тәжірибе алмасып, өзара семинарлар, дөңгелек үстел өткізіп тұру қажетті құбылыс. Себебі, заман талабы осындай. Бір сөзбен айтқанда, білімі сапалы, ғылымы дамыған, жастары технологияны меңгерген ұлт қана ХХІ ғасырдың озық отыздығына ұмтыла алады. Міне, бүгін біз сондай мектептің бірін сөз еттік.

Әли ТЕМІРБЕК
26 қазан 2019 ж. 549 0