№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БІЛІМСІЗ КҮНІҢ ЖОҚ

БІЛІМСІЗ КҮНІҢ ЖОҚ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында және Цифрландыру бағдарламасында білім беру ісіне мән берілді. Бүгінде адам капиталына бағытталған бағдармаларды сәтті үйлестіріп жүрген мектептің бірі – №54 Жүсіп Қыдыров атындағы мектеп. Оны соңғы жылдардағы ҰБТ қорытындысы бойынша аңғаруға болады. Осыны ескерген аудан әкімдігі мен білім бөлімі өткен жолы «Ұлттық бірыңғай тестілеу – білім сапасының негізгі көрсеткіші» атты аудандық семинар-практикум өткізді. Білім беруде үздік тәжірибесі қалыптасқан білім ордасының басшысы Нұралхан Түктібаевпен жолығып, жетістікке жетудің құпиясын сұрадық.
– Әлемнің озық елдерінде мемлекеттік капиталдың негізін адам капиталы құрайды. Яғни, білім беру жүйесі заманауи талап-міндеттерге сай қалыптасқан елдің өрісі биік болады. Оған Сингапур, Жапония сынды елдердің даму жолы үлгі бола алады.
Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім». Осы ұлағатты басшылыққа аламыз.
5 сыныпқа қабылдап алатын пән мұғалімдері 4 сынып оқушыларынан жылына екі рет негізгі пәндерден жазбаша, ауызша жұмыстар арқылы оқушы білімін тексеріп алады. 5-7 сыныптарда оқушылардың пәнге қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, 9-сыныпта өз мамандығын дұрыс қателеспей таңдауына бағыт-бағдар беріледі. Таңдаған мамандығы бойынша 10-сыныпта қай бағытта оқитыны анықталады.
Оқу жылы басталғанда сыныптан 2-3 рет сынама тест алып, оқушыларды 3 деңгейге топтастырады. Яғни, жоғары, орта және төмен деңгейге сынып оқушыларына бөледі. Сосын төменгі деңгейдегі оқушыны орта деңгейге, ортаны жоғары деңгейге жеткізуге жұмыс жасайды. Жалпы, тәжірибелі ұстаздар 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау барысында 6-11 сынып материалдарын жинақтап, жылдық жоспарды негізге алады. Аптасына екі күн үш сағаттан қосымша сабақ береді. Жетістіктің басты сыры оқушыларды 6-сыныптан қабылдап 11-сыныпқа дейін білім нәрімен сусындату.
– Мұндай білім беру үрдісі оқушыға сапалы білім беретіні сөзсіз. Озық тәжірибенің қалыптасу барысын айтсаңыз...
– Мектепке ХХ ғасырдың 70 жылдары «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальдің иесі, КСРО және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Зинабдин Шермағамбетов басшылық жасады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мектеп тізгінін Орынбасар Абибуллаев ұстады. Осы кезеңде білім беруде үздік тәжірибе қалыптасып, аудан және облыс көлемінде үздік мектептер санатынан түскен емес. Ағалардың аманатына адалдық танытуға тырысып келеміз. Оның айғағы, 2000-2001 оқу жылында «Облыстың үздік мектебі» атандық. 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша аудандағы үздік білім ордасы болдық.
– Әрине, білім беруде үздік тәжірибесі қалыптасқан мектептен елге белгілі азаматтар шықпауы мүмкін емес. Солай емес пе?
– Әрине. Біздің мектептен елге белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар қанат қақты. Мектептің атын алған ақын-сазгер Жүсіп Қыдыровты, ақын Адырбек Сопыбековты қазақ елі мойындайды. Жазушы Байбота Қошым, Темірхан Момбеков, Абдолла-Алтый Сүлеймен, Бақтыбай Айнабеков, Оңалбек Жақыпұлы, Қуандық Оразбекұлы, Оңалбай Садықовтың туындыларынан бірнеше буын ұрпағы тәлім-тәрбие алып, қалыптасты. Халық әртісі Төрехан Рамбердиев, Төлепберген Әбдірашов және т.б тұлғалармен мақтана аламыз.
– Мектептің бүгінгі кадрлық әлеуетіне тоқтала кетсеңіз...
– Білім ордасында 59 мұғалім бар. Оның 18-і жоғары білікті, 25-і бірінші білікті,11-і екінші білікті санатта.
Кембридж бағыты бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалім саны – 13. Директордың екі орынбасары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімін жетілдірді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімін жетілдірген мұғалім саны – 39. Қысқа мерзімді курстан өткені – 55, ақылы негізде біліктілік арттыру курстарынан өткен мұғалімдер саны – 8.
Әдістемелік кеңесте «Бастау», «Лингвист», «Тағылым», «Асылмұра», «Тағзым», «Алгоритм», «Архимед», «Шыңдау» пән бірлестіктері жұмыс жасайды.
Талапкерлер тестілеу арқылы ЖОО-ға түсуіне жол ашылғалы, ұжым алдында қандай міндеттер тұрғанын дұрыс бағамдай білдік. Бұл жұмыстарда О.Абибуллаевтің (бұрынғы директор) жауапкершілігін айту қажет-ақ.
– Қандай білім мекемелерімен тәжірибе алмасып тұрасыздар?
– Алматы қаласындағы №86 мектеп, Түркістан қаласындағы «Дарын» мектебі, Қызылорда қаласындағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаздарымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Үнемі тәжірибе алмастырып, біліктілікті арттыруға мән береміз. Бірлескен жұмыстар арнайы жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіледі.
– Немен мақтана аласыз?
– Әрине, білікті де білімді ұстаздарыммен, зейінді оқушыларыммен мақтанамын.
Білім берудегі көрсеткіштерімізді айтуға болады. 2015 жылы екі «Алтын белгі», 2016 жылы бір «Алтын белгі», 2017 жылы бес «Алтын белгі», 2018 жылы үш «Алтын белгі» шықты.
ҰБТ қорытындысы бойынша 2015 жылы – 93,3 балл, 2016 жылы – 94,3 балл, 2017 жылы – 94 балл, 2018 жылы – 97 балл болды.
– Енді оқушылардың жетістіктерін сөз етсеңіз.
– 2016-2017 оқу жылында «Жас журналист» республикалық интернет байқауында 11-сынып оқушысы Мағжан Салтанат дара шықты.
Облыстық бастауыш сынып оқушылары арасындағы пән олимпиадасында 3-сынып оқушысы Нағашыбек Ернат үшінші орын алды. Облыстық өзін-өзі тану пәні олимпиадасында 9-сынып оқушысы Жанәділ Мадина тұғырдың биігінен көрінсе, Республикалық кезеңінде екінші сатыға тұрақтады. «Руханият және келісім мәдениеті – бірлігі жарасқан елдің кепілі» облыстық шығармалар байқауынан Мағжан Салтанат үшінші орын иеленді. Сонымен қатар, Анель Баденова мен Дәулет Серіктің жетістіктерін айтуға болады.
Біздің түлектер Мағжан Салтанат пен Әбдуайт Назерке ҰБТ-дан 125 балл жинағанын айтпай кетуге болмас.
Халықаралық ғылыми жоба байқауында Бақберген Абдуллаев, Аружан Абылай, Дана Шазат, Айсара Асанбаева, Бағдат Жексенұлы, Ақбота Бекенова, Гүлназ Жолтай, Бекарыс Ермахан, Нұрсұлу Данаева, Жанат Жолтаева, Алима Абдуллаева, Макира Күнтөреева, Ұлған Батишева, Мұхтар Мелдебеков, Баян Бекенова, Айгүл Сыздықова жүлдегерлер қатарынан көрінді.
2017-2018 оқу жылында 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңінде Сағи Есіркепов үшінші орын алды. Осылай жалғастыра беруге болады.
– Сұхбатыңызға рақмет! Білім беру ісінде жетістіктерге жете берулеріңізге тілектестік білдіреміз.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 759 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 17:13
Blading Propecia Kamagra Gel Oral cialis Cialis 20 Vademecum Propecia Prescription

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 18:47
Finasteride Propecia viagra Buy Tadacip 20 Amoxicillin Works In Days Bowel Bacteria