№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлем рейтингі: Сыр жастары озық көрінді

Әлем рейтингі: Сыр жастары озық көрінді


2015 жылғы соңғы TIMSS қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 8-сынып оқушылары елдегі үздік жетістікке жетті. Яғни, әлем рейтингісінде алдыңғы қатарда тұрған Сингапурдан да жоғары көрсеткіш көрсетті, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.

Байқауға Қызылорда облысынан 13 мектептен (7 қазақ тілінде оқытатын және 6 аралас) 857 оқушы қатысты.
Рейтингі бойынша орыс тілінде оқитын Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облысының 4-сынып оқушылары жалпы рейтингте үздік 5 мемлекеттің көрсеткіштерімен салыстырғанда жоғары нәтиже көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық математика және жаратылыстану пәндер бойынша білім беру сапасына халықаралық мониторинг жүргізетін TIMSS (ағылш. TIMSS – Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі Халықаралық IEA білім беру жетістіктерін бағалау қауымдастығының ұйымдастырған бағдарламасы болып табылады.
Бұл зерттеу 4-ші сынып оқушылары мен 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану білімінің деңгейін, сапасын әлемнің әртүрлі елдерінде салыстыруға, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Төрт жылда бір жүргізілетін зерттеу циклы осы күнге дейін 6 рет жүргізілген еді. Атап айтқанда, 1995, 1999, 2003, 2007, 2011 және 2015 жылы ұйымдастырылды.
2007 жылдан бастап қазақстандық оқушылар рейтингке қатысады. TIMSS-2015 жылы Қазақстан 179 мектептен (4710 төртінші сынып оқушылары және 4869 сегізінші сынып оқушыларын) жалпы саны 9 579 оқушыны таныстырды.
Математика бойынша төртінші сынып оқушыларының орташа балы 544 ұпай, жаратылыстанудан 550 балл жинаса, 8 сынып оқушылары математикадан – 528 балл, жаратылыстану ғылымдарынан – 533 ұпаймен көзге көрінген.
Айта кететіні, келесі зертеу 2019 жылы жүргізіледі.
Жалпы, қызылордалық оқушылардың сапалы білім деңгейін көрсетуі түсінікті-ақ. Оған соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция өз әсерін берді. Яғни, апаттық мектептер мен үш ауысымдық мектептер жойылды. Білім ордалары заманауи типтік жобаға сәйкестендіріліп келеді. Тәжірибелік сыныптар артып, көрнекілік құралдармен сапалы білім ала бастады. Ең бастысы, облыс оқушылары Ресейдің үздік білім ордаларында білім алуына жол ашылды. Әрине, мұнын бәрі облыс жастарының білім деңгейін көтергені анық.
13 ақпан 2018 ж. 1 475 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 04:27
Generic Cod Only Stendra In Internet No Doctor Boston http://drugsed.com Priligy Avis D'Utilisateur Finasteride Can I Purchase Isotret

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 06:22
Purchase Acticin 30gm On Line Buy Predisone cialis 5mg best price Cialis Levitra Insieme