Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-ға ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА

СЫРДАРИЯЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-ға ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА



Былтырғы оқу жылы сырдариялық мектеп бітіруші түлектер үшін жемісті жыл болды. ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалған 196 оқушының 144-і мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Биылғы жылы да осындай жарқын жетістікке жету мақсатында аудан әкімінің бастамасымен іс-шаралар жоспары белгіленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында 11-сыныптарда барлығы 336 бітіруші білім алуда. Оның ішінде 249 оқушы ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда «Жалын» тынығу лагері базасында 11-сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындық жұмыстары өтуде. Қаңтар айында алынған сынама тест қорытындысы бойынша орташа балл 83,5 құрады. Ауданда оқушылардың онлайн режимдегі жаңа форматтағы сынама тестке қатысып, тапсыруына барлық жағдай жасалған. Биылғы оқу жылында 39 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» және 12 мектеп бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Алдағы уақытта да ҰБТ-ға дайындық жұмыстары күшейтіліп, әрі қарай жалғасын табатын болады. Биылғы жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізілетінен сенім мол. Бұл бағытта ауданның білім беру саласын дамыту мақсатында аудан әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
07 ақпан 2018 ж. 1 195 0