№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаздар – мәртебе тұғырында

Ұстаздар – мәртебе тұғырында

Мұғалімнің мәртебесін көтеріп, ағартушылық қызметін бағалайтын ерекше күн – Ұстаздар күні. Атаулы мерекеге орай №110 мектеп-лицейінде «Ұлағатты ұстазға үлкен ықыласпен» атты шара өтті. Аудандық білім бөлімі ұйытқы болған мерекелік кешке 500-ден аса мұғалім жиналды.

Салтанатты шарада алғы сөз алған аудан әкімі Сұлтан Мақашов:
– Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан ұстаздарға жағдай жасау, педагогтың мәртебесін айқындауға жұмыс жасалуда. Білікті, білімді, белсенді ұстаз елді дамытушы күшке ие. Мұғалімдердің заманауи білім дағдыларын меңгеруіне мән беруіміз де содан. Оның үстіне, мектептерді заман талабына сай жабдықтап келеміз, – деді.
Аудан басшысы білім беру ісінде белсенділігімен, біліктілігімен көзге түскен ұстаздарды марапат биігіне шығарды. Олардың қатарында №163 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Асылзат Жұматова «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, №54 мектебінің математика пәнінің мұғалімі Макира Күнтөреева, №3 мектеп-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі Шамшақар Түлкібаева, №195 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сапаркүл Нышанбаева, №56 мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Әсемгүл Сопбекова, №125 мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Света Сыздыққызы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Аудан әкімінің «Алғыс хаты» №163 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бибайша Абжаппароваға, №55 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылжан Таласбекұлына, №223 мектебінің химия пәнінің мұғалімі Нәбеш Мұхтарқызына, «Аяла» балабақшасының меңгерушісі Бақыткүл Исмайловаға табысталды.
Білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала. Тәуелсіздік жылдары заман талабына сай білім берудің жаңа жүйесі құрылып, Назарбаев Зияткерлік мектебі негізінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушыларға білім берілуде. Жаңа жүйе бойынша мектептерді интернетке қосу, физика, биология, химия кабинеттерін заманауи білім талабына сай жасақтау, лингафонды-мультимедиялық сынып­тар және робот жасауды және IT технологияны меңгеруге жағдай жасалды. Қағазбастылықты азайту мақсатында электронды күнделік, электронды журнал іске қосылды. Оқушыға жан-жақты білім беруде «Н1 – ТД75» маркалы интерактивті панельді заманауи құрылғылар қолжетімді болды. Мұның бәрі ұстаздардың еңбегі нәтижелі болып, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін жасалып жатқан жағдайлар.
«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Асылзат Жұматованы сөзге тартқанымызда: «Қазір адами капиталға сұраныс артуымен ұстаздың сапалы қызметіне де сұраныс артты. Ұстаздар баланы тұлға етіп қалыптастырады, өмірге бейімдейді, бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды. Яғни білікті, білімді, белсенді ұстаз елді дамытушы күшке ие. Осы бағытта еңбек етіп жүргеніме қуаныштымын», – деді.
Қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – депті. Арада бір ғасыр өтсе де Алаш арысының бұл сөзі әлі де тәртінен түскен жоқ. Қайта мәні артып, мағынасы тереңдей түсті. Ұстаздар мерекесінде осыны бағдарлап қайттық.

Лаура БИБАСАРОВА.

08 қазан 2019 ж. 953 0