№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ұстаз мерейі – ел мерейі

Ұстаз мерейі – ел мерейі

Ұлттық сананы жаңғырту,
қазақстандық дербес өрлеу
үлгісін қалыптастыруда
ұстаздарға үлкен міндет жүктеледі.
   Бұл бағытта ұстаз мәртебесін биіктету, қазіргі білім беру құзыреттілігінің ауқымын арттырып, базасын жетілдіру Елбасының басты талабы. Аудан ағарту саласында айрықша қолтаңбасы бар қадірлі мамандық иелерін жыл қорытындысымен марапаттап, мерейін асқақтатқан облыстық білім басқармасы «Жыл таңдауы – 2018» номинациясын белгілеген болатын.

   Сәрсенбі күні облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова озат ұстаздарды арнайы қабылдады. Жаңажылдық мерекелік салтанатқа арнайы шақырылған үздіктерді алдымен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтап, ХХІ ғасырдың интеллектуалды ұрпағын тәрбиелеуде ұлағаты зор ұстаздар қауымының еңбегіне жеміс тілеп, арнайы марапаттарын табыс етті.
«Жыл таңдауы – 2018» номинациясы бойынша орталықтағы №110 мектеп-лицей мұғалімі Ғалия Байтелеева «Шәкіртті шебер шыңдаған», №125 орта мектебі мұғалімі Гүлжазира Жалғасбекова «Бәйгеге дүлдүл баптаған», №3 мектеп интернатынан Мөлдір Қалдыбаева «Өсиетті өнеге», №221 мектеп директоры Жиренбай Жанасбаев «Шеберлік шыңына шыққандар» аталымы мен облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын алып, арнайы сый-сияпат тарту етілді. №110 мектеп-лицей мұғалімі Әуезхан Сәрсенбаев облыстық кәсіподақ ұйымының “Құрмет грамотасымен” ал «Меруерт» балабақшасы әдіскері Сәуле Күнқожаева «Кәсіподаққа сіңірген қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
«Ұстаз мерейі – ел мерейі» атты журналистер арасында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігі байқау жариялаған болатын. Онда ұстаз мәртебесін арттыру, білім процесінде болып жатқан жаңашылдықтарға жағымды пікір қалыптастыру, педагогтың құқықтары мен мүдделерін, бет-беделін биіктету талабында қалам қуатымен атсалысып жүрген қаламгерлер еңбектеріне сараптама жасалды. Сыр өңірі бойынша облыстық телеарна журналисі Толқын Қабышева және «Жаңақорған тынысы» газеті қызметкері Баян Үсейінова «Ұстаз жанашыры» номинациясымен марапатталып, арнайы сый-сияпатқа ие болды.

Айнұр СЕЙДЕМЕТОВА.


29 желтоқсан 2018 ж. 1 558 0