Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 142

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 157

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 985

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 486

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 681

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 668

№25 (8633) 28

28 наурыз 2023 ж.

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК


Бүгінде арамызда ақылманымыз болып жүрген аға буын – күні кеше қоғамның гүлденіп, келешектің көркеюіне үлес қосқан түрлі саланың саңлақтары. Солардың қатарында болашақты білім бәсекесіне шыңдаған ұлағатты ұстаздарымызды ұлықтау шарасы әр жылда жаңаша мазмұнда ұйымдастырылып келеді. Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйытқы болуымен өткен «Қалдырған ізің мәңгілік» атты шараны аудан әкімі Ғалым Әміреев ашып, ұстаздарды атаулы мерекемен құттықтады.
– Ұстаз – мектептің жүрегі. Жастардың білімді де білікті, ибалы да иманды, ұлтжанды, нағыз азамат болып қалыптасуында мұғалімдер қауымының еңбегі зор. Әсіресе, заман талабына сай, интеллектуалды мектептерді қалыптастыруда да ұстаз еңбегі өлшеусіз. Бүгінде біздің облыс республика бойынша білім саласына ең көп қаржы бөліп жатқан аймақтың бірі. Мәселен, Қызылорда облысында үш ауысымды мектеп жоқ. Жыл сайын жаңа мектептер пайдалануға берілуде. Облыста жаңадан 14 мектеп салынса, оның төртеуі біздің ауданда. Ал, жобалау бойынша қазіргі таңда ауданда 6 мектептің жобасы жасалынып, республикалық сараптамаға жіберілуде. Бұл – мемлекеттің ұстаздар мен өскелең ұрпақ үшін жасап жатқан оң өзгерістері, – деді аудан әкімі.
Әрі қарай аудан басшысы өмір жолын ұлағатты ұстаз болуға арнап, білікті басшы, көшбасшы мұғалім болған, өзіндік дара жолы бар ардагер ұстаздарды құрметке лайық деп танып, жылы лебізін арнады. Хадиша Баязитова, Зинабдин Шермағанбетов, Гүлбазар Айдауылова, Райхан Тангискова, Ахмет Нақыпов, Өмірбек Марсалиев, Манасбай Тұрабаев, Тамара Бердікеева, Айзада Сақтағанова, Ермағанбет Құлымбетов, Шолпан Жалғасова, Құлахмет Нәлтаев, Айсара Нәлібаева, Сейдахмет Әлиев сынды ардагер ұстаздарға білім бөлімі кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтары тарту етілді.
Сондай-ақ, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен облыстық білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» бір топ ұстаз марапатталды. Одан әрі ардагерлер атынан сөз алған аға толқын Зинабдин Шермағанбетов пен Құлахмет Нәлтаев ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Салтанатты шараға 120-ға жуық ұстаздар өкілі қатысып, оларға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы ақ дастарханын жайып, гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат жасады. Кеш әуелеген ән мен әсем биге ұласып, көпшілік көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Түйін. Үлкенге құрмет көрсетіп, қариясын қадірлей білу, өркениетті елдердің өнегелі ұстанымы. Қарттар мерекесіне арнайы күн белгіленуі аға буын көңіліне де қуаныш құяры сөзсіз.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
06 қазан 2018 ж. 1 228 0