Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ...

БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ...


Жылдағы дәстүрге сай Ақсуат ауылындағы №245 жалпы орта мектепте күміс қоңырау сылдыр қағып, оқушыларды жаппай білім алуға шақырды. Білім нәрімен сусындауға келген бүлдіршіндер білім кемесінің алғашқы сыныбына аяқ басты. Шәкірттерін асыға күткен ұстаздар мен ата-аналар қауымы алғашқы қоңырауға арналған салтанатты шараның куәсі болды.
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынды мектеп директоры Нұркен Смет алғы сөзбен ашып, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.
– «Күш – білімде, білім – кітапта» демекші биылғы оқу жылында білім нәрімен сусындау үшін біздің мектептің табалдырығын 20 шәкірт бірінші сыныпқа, 13 оқушы даярлық сыныбына аттағалы отыр. Ал, өткен жылы бітірген 5 түлектің төртеуі ҰБТ-ға қатысып, оның барлығы жоғары балл жинап, грант иелері атанды. Бұл – мектеп ұжымының ауызбіршілігі мен білікті ұстаздардың жемісі – деді мектеп басшысы.
Одан әрі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев:
– Сіздерге жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен бастамалар, шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілеймін. Шәкірттеріңіз білім нәрімен сусындап, ақылды да парасатты азамат болып, биік шыңдарды бағындыра берсін, – деді.
Сондай-ақ, Өзгент ауылдық округінің әкімі Жанұзақ Мырзабаев сөз кезегін алып, оқушыларға жылы лебізін жеткізіп, оқуда озат болуға тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, өткен оқу жылы №245 жалпы орта мектеп үшін табыспен аяқталды. Мәселен, «Республикалық дәстүрлі Абай оқуының» аудандық кезеңінде «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша Оңласын Назгүл 1-орынды қанжығасына байласа, облыстан 3-орын иемденді. Ал, «Тәуелсіздік толғауы» атты облыстық шығармалар байқауынан Гулбаршын Оңласын, Ұлбосын Асан, Оразәлі Асан үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қоса, «Мерген ару – 2018» облыстық байқауынан винтовкадан ату бойынша мектеп оқушыларынан құралған команда бірінші орын иеленсе, аудандық пәнарлық олимпиададан мектеп оқушылары бірнеше мәрте жүлде алған.
Шарада оқушылар өнерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиының соңы сынып сабақтарымен ұласты.

Айсұлу АЖАНХАНҚЫЗЫ.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 198 0