№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

   Ұстаз мәртебесін көтеру – бүгінгі қоғамның негізгі міндетіне айналды. Өйткені, ұстазды ұлықтау, оның ұлт тәрбиесі жолындағы ерен еңбегін бағалап, мерейін өсіру маңызды-ақ. Осы ретте, Тәуелсіздік күніне орай, аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұстаздарды марапаттап, сый-сияпат жасады.


   Аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында өрбіген шарада ауданның әр аумағынан келген ұстаздар қауымы бас қосты. Салтанатты жиынды ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов ашып, ұстадарды ұлық мерекемен құттықтап:
– «Ұстазы жоқтың, ұстамы жоқ» деген бар. Әр адам ұстазға қарап бой түзеп, азамат болады. Осы орайда, Елбасы Жолдауында келесі жылдан бастап «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдау қажеттігін айтып, «Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», – деді. Бұл – Елбасынан бастап барша халықтың ұстазға деген құрметін көрсетті. Сондықтан, сіздерді ағарту саласындағы еңбектеріңізге алғыс білдіремін, – деді Болат Мақсұтұлы.
Одан әрі саналы ғұмырын ағарту саласына арнап, бала тәрбиесіне бар күш-жігерін жұмсап жүрген 23 ұстаз марапат мінберінен көрініп, «Алғыс хатпен» марапатталды. Нақтырақ айтсақ, аудан бойынша білім берген шәкірттері «Алтын белгі» игері атанған бастауыш сынып мұғалімдері Астана қаласына 3 күндік жолдама алды. Жолдамада әр мұғалімнің басқалада үш күн бойы саяхаттауы, тұрақтайтын орны, барып келетін жолақысы толықтай қамтылған.
– Шара ұстаздар мәрте­бе­сін көтеру мақсатында ұйым­дас­­тырылып отыр. Астана қала­сына жолдама аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті мен облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов, Нұридин Әмитов және Мәдіхан Әріпұлы демеушілігімен жүзеге асуда. Ұстаздар қауымына ықылас танытып, олардың еңбегн елегені үшін меценаттарға алғыс айтамын, – деді аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов.
Иә, біз «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт», деген нақыл қалдырған дана халықтың ұрпағымыз. Демек, бүгінгі Елбасы саясаты, Ұстаз мәртебесін асқақтатуы сол текті халықтың ұрпағына тән нағыз асыл қасиет болса керек. Ендеше, ойын баласын хат тануға үйретіп, оның бойына білім дәнін себетін, адамды азамат етіп қалыптастыру жолында аянып қалмайтын ұстаздардың мерейі еселеніп, абыройы артуына біз де телекшіміз...

Айсұлу АЛДАНАЗАР.


21 желтоқсан 2018 ж. 1 310 0