№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нүргүл Жұмашеваның басшылығымен ашылған №11 «Балауса» бөбекжайында танымдық бағытқа талпыныс зор

Нүргүл Жұмашеваның басшылығымен ашылған №11 «Балауса» бөбекжайында танымдық бағытқа талпыныс зор

Ойын баласын өмірге бейімдеуде балабақшалардың орны зор. Қоршаған ортаны тануда, бүлдіршіндердің дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастыруда тәрбиешілердің біліктілігі маңызды. Нүргүл Жұмашеваның басшылығымен ашылған №11 «Балауса» бөбекжайында танымдық бағытқа талпыныс зор.

Балабақшада «Балапан» және «Аққу» атты екі топта 45 бала тәлім-тәрбие алады. Оларға 4 тәрбиеші мен басқа да әртүрлі бағытта 14 қызметкер жұмыс жасайды. Балабақша ауласына кіргеннен түрлі қолдан жасалған мультфильм кейіпкерлері мен кішкентай үйшіктер ерекше көзге түсті.
– Балалар үшін күрделі әрекет – ойын. Ойынға әр бала құмар-ақ. Соны біз қанағаттандыра білуіміз керек. Кішкентай баланың өмірі ойыннан тұратындықтан, біздер осындай әртүрлі мүсіндерді ешкімге жалынбай-ақ қызметкерлермен бірлесе отырып жасап, сабақ барысында танымдық-бейімделу бағытында пайдаланамыз, – дейді бөбекжай меңгерушісі Нүргүл Найманбайқызы.
Меңгерушінің айтуынша, бала өзіне керектіні ойын арқылы үйренеді. Ойынның өз жоспары, мақсаты, арнайы заттары болады. Ерекшелігі осында. Аулада орналасқан түрлі мүсіндер арқылы балалар іс-әрекетке бейімделеді. Көптеген мәліметтер ала алады. Зейіні ашылып, ұйымдастырылған ойын нәтижесі арқылы дүниетанымы кеңейеді, мінез-құлқы мен ерік-жігері қалыптасады. Осы уақытта баланың психологиялық тұрғыда қалай қалыптасатынын, өскенде еңбекте дәл солай болатынын есте ұстаған жөн.
Ойын барысында бала өзін еркін сезінсе, қоршаған ортада болған оқиғалардың бәрін өз деңгейінде қабылдап, ой-өрісі дамып отырады. Нәтижесінде бала ұқыптылыққа, өз бетінше әркет етуге үйренеді. Осы бағытты ұстанған балабақша қызметкерлері балаларға ойын арқылы сабақ сапасын арттыруға толық мүмкіншілік жасаған.
Айта кететіні, мұндай қолдан жасалған дүниені ауыл түгілі кент ішіндегі балабақшадан көрмейсіз. Балалардың қызығып, таласып-тармасып ойнап жүргенін көргенде балалық шаққа саяхат жасап келгендей сезімде боласың. Балабақшада ағылшын, орыс тілін жетік меңгерген баланы көргенде келешекке лайық зерек, зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиеленіп жатқанына қуандық.
Бала бақша ішін аралап жүріп «Аққу» тобына кіргенімізде «Санамақ» ойыны өтіп жатыр екен. Отырып бақыладық. Балалардың ойлау қабілетін арттыруда таптырмас ойын екен. Алайда ақпараттық технология дамыған заманда қазіргі балалардың ой-өрісі тіптен басқаша екеніне тағы да көз жеткіздік. Санның атауына қарай кідірместен ұйқасын тапқанда таң қалмасыңа шара да жоқ.
Балалардың шығармашылығын,танымдық қызығушылығын, сөздік қорын дамытуда ойындарды,тапсырма-жаттығу­ларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Сондықтан балалардың мейірімді, әділеттті, жан-жақты, әдепті болуы осындай ойын түрлерінен бастау алатыны қуантты.

                                                                                                                                              Лаура БИБАСАРОВА
10 қыркүйек 2019 ж. 825 0