№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балабақша – білім баспалдағы

Балабақша – білім баспалдағы

   Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі. Болашақ бөбекжайында өткен аймақтық семинар осы тақырыпта өрбіді. Жаңа технологияны балабақша сабағына енгізіп, оны балаға үйретуді қолға алған балабақша ұстаздары семинар барысында біліктілігін ортаға салып, өзге балабақшалармен тәжірибе алмасты.


  Кенттегі бірнеше балабақша меңгерушілері мен қызметкерлерінің басын қосқан жиында кент әкімі аппаратының бас маманы Раушан Назарова алғы сөз алып, бөбекжай жұмысына сәттілік тіледі.
Әрі қарай балабақша меңгерушісі Балжан Мырзабаева бөбекжайдың тыныс-тіршілігіне тоқталып, тәрбиешілердің шығармашылық жұмысын атап өтті.
– Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде иннова­циялық технологияларды қолдану – уақыт талабы. Себебі, біз жаңа технологияны пайдалану арқылы баланың ой-өрісін кеңейтіп, оны заман ағымына сай, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейміз. Бала жаңа технологияны көзбен көріп, қолмен ұстағаннан кейін оны меңгере бастайды. Робототехниканы меңгереді. Біз де осы заман талабына сай жұмыс жасауға тырысып жатырмыз, – дейді балабақша меңгерушісі.
Семинар барысында Анар Мамешова ересектер тобында “ойын” технологиясымен оқу қызметін өткізсе, Ұлжан Қамбарбекова ортаңғы топта «Тәй-тәй» технологиясымен сабақ өтті. Ал, Ғалия Үсенова робототехникамен жұмыс жасап, «WeDo» маркалы робот құрастырғыштармен жұмыс жасап, оны қалай іске қосу керектігін көрсетті. Бұл жаңа ойыншық түрін балабақша бүлдіршіні Қасым Һарон еркін меңгергенін дәлелдеп, бірнеше минут ішінде ұстазымен бірге автоматты түрде жылжитын робот жасап шығып, оны компьютер арқылы басқарды.
– Бұл лего құрастырғыштар баланың сана-сезімін жетілдіреді. Құрастырғыш тек жоғарғы топ балаларына арналған. Өйткені, бөлшектері өте майда. Осы себептен де бұл құрастырғышпен жұмыс жасағанда тек бір баланы ғана қамти аламыз. Яғни, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, робототехниканы әр балаға жеке-жеке үйрету керек, – дейді Ғалия Үсенова.
Сондай-ақ, шара барысында бөбекжай тәрбие­шілері өз қолдарымен жасаған дидактикалық ойыншықтарынан көрме жасап, оның балаға қандай пайдасы болатынын түсіндіріп берді.
Жиын соңында қатысушылар пікірін ортаға салып, балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, ән мен биден шашау шашты.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.

11 желтоқсан 2018 ж. 1 333 0