№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Еркіндік бойды, есеп ойды өсіреді

Еркіндік бойды, есеп ойды өсіреді

   Кент орталығындағы “Нұрай-Қыдыр" бөбекжай балабақшасы ұжымы жаңашыл бастамалардың басында табылатын тәуекелшілдігімен көпке үлгі. Нұрғали Мінуаров құрылтайшылық ететін бұл балалар мекенінде бүлдіршіндерге танымдық білім беру бағытында жыл көлемінде түрлі іс-шаралар атқарылды. Аймақтық деңгейде өткен бүгінгі семинар тақырыбы да естір құлаққа ерекшелеу.

«Дидактикалық ойындар арқылы математикалық ұғымдарды қалыптастыру» деп аталады.
Семинар жұмысына кент әкімдігінен, аудандық білім бөлімі және аймақтағы балабақша меңгерушілері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Тәлімгерлер талабына аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Фатима Тұртанова сәт-сапар тіледі.
Шара барысында балабақшадағы ересек «Бәйтерек» тобына «Салыстыру», «Теңдік және теңсіздік» тақырыбында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша тәрбиеші Әйгерім Ұзақбаева сабақ өткізді.
Ортаңғы «Ботақан» тобымен тәрбиеші Мөлдір Есенқұлова «Пішіндер» тақырыбында өз ізденістерімен әріптестеріне тағылымын бөлісті. «Мектепке дейінгі педагогтардың картатекамен жұмыс жасау" тәсілі бойынша балабақша әдіскері Нұргүл Бадирова өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
  Семинар жұмысына жаңаша әр сыйлаған ағылшын тілі пәні жетекшісі Абдреймова Балым «Ертегілер елінде» ғажайып қойылымымен балдырғандар көңіліне қуаныш құйды.
Семинар жұмысын қорытындылаған мекеме меңгерушісі Минуаров қатысушыларға рахметін айтып, әріптестік еңбекте сәттілік тіледі.

                                                                                                                                               Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.


15 қаңтар 2019 ж. 1 261 0