№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «ТӘЙ-ТӘЙ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

«ТӘЙ-ТӘЙ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

Бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу бағытында халықаралық «Тәй-тәй» технологиясының маңызы зор. Бүгінде елімізде 150 балабақшада осы тиімді тәсілдің негізінде жұмыс
жасаса, оның 5-уі біздің ауданда. Келінтөбе ауылдық округіндегі «Құралай» бөбекжайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламасының іс-тәжірибесіне «Тәй-тәй» технологиясын енгізбес бұрын технологияның балаға берер тағылымы мен маңызы сараланды. Әлемнің үздік тәжірибесін балабақша жоспарында қолдану баланың дұрыс дамуына әсерін тигізуде.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жаңа технологияның тиімділігін арттырудамыз. Халықаралық технологияны қолданысқа енгізе отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу саласына жаңаша педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы, білім беру жүйесінің жаңа түрін ұсындық. Балабақшада 2015 жылдан бастап осы технология негізінде балаларды тәрбиелеп келеміз. Байқағанымыз, эксперименттік топтағы балалар өз ойларын еркін жеткізеді. Өнерге деген қызығушылықтары оянды, – деді «Құралай» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ләззат Қалдыбаева.
Тоқсан бала тәрбиеленіп отырған бөбекжайда 20 педагогикалық қызметкер жаңа бағытта жұмыс жасауда. Технологияны бала жасының ерекшелігіне орай, топ-топқа бөлініп, әр топтың сабақ жоспарына сәйкес жіктелген. Мәселен, жылдық оқу барысында «Қарлығаш»  тобының тәрбиешісі Айнұр Қасымқанова «Мен көшбасшы боламын»,  «Толағай» ортаңғы топ тәрбиешісі Балнұр Жақыпбекова «Жан анам», «Алма бақтың кереметі», ІІ- топ «Айгөйлек» топ тәрбиешісі Күләнда Тәштенова І- кіші топ «Еркетай» және «Балапан» тобында  «Қыз ұзату» тақырыбында жаңғыртылған тәсілдің тиімді тұстарын ашып көрсетті.
Ал, «Балапан» тобының тәрбиешісі Кенжегүл Турманова балақайларға «Аққұмдағы өнер құпиясы» тақырыбында әңгіме өрбітіп, құм терапиясымен жұмыс жасады. «Остров сокровищ» тақырыбында «Толағай» тобы моншақтардан әшекей заттарын жасаса, «Балапан»  тобы ою-өрнекпен кәде-сый дайындады. Бұл – бала бойындағы қабілетті арттырып, дүниетанымын кеңейтеді. Әрі саусақ моторикасын дамытады. Бес топта да «Сыйқырлы қалам» құралымен сабақ жүргізе бастады. Бұл балалардың қоршаған ортаны тануға, түрлі түстерді ажыратуға баулиды. Түйіндей айтқанда, «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер балаларды көпшіл болуға, өз пікірін қалыптастыруға, жан-жантылыққа тәрбиелейтініне көзі жетті. Сондай-ақ, балабақша бүлдіршіндерінің ата-анамен тығыз байланыс орнатуға да септігі мол. Яғни, «біріккен істе береке бар» демекші, ата-ана, балабақша, тәрбиеші үштігі бірігіп, жұмыс жасауды жолға қойдық.
Нұржамал Тохайбаева.
14 шілде 2018 ж. 2 484 0