№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАБАЖАН ӘУЛИЕ

БАБАЖАН ӘУЛИЕ


Әбдіжәлел баб (Хорасан ата) әулиенің бір ұрпағы Бабажан да әулие болған. Түркістан үчтіндегі шабынтай-жетімдер пір тұтқан адам. Бұл кісінің бір қасиеті Сырдарияны қалай болса солай қара жердей кешіп өте берген. Бір күні таңертең Бабажанның Сырдариядан кешіп өтіп бара жатқанын көзімен көрген Абылайға (қоңыраттың қараша руынан шыққан белгілі кісі).

         – Көрдім десең көзің шықсын, - деп үш рет айтқан. Абылай содан үш жылға дейін ешкімге айтпай жүреді. Бір күні Бабажанға кездеседі.
         – Мен ішім жарылып өлетін болдым ғой, не істейін? – дегенде:
         – Енді айта бер, ешкім сенбейді,–деген.
         Абылай тұқымдары осы Жаңақорғанда. Бабажанның тағы бір қасиеті бұл кісі еш мал жинамаған, халық берген малын елге, жетім-жесірге таратып жүрген. Түркістан үстіндегі шыбынтай-жетімдерге үлкен оба ауру (жұқпалы) келеді. Содан ауылдың үлкен-кіші қариялары Бабажанға жалынады.
         – Мына бәледен бізді құтқар, қырылатын болдық. Сонда Бабажан ата қатты қиналып, – мен сендерді құтқарам-ау, бірақ өзім өліп кетем ғой, – деген. Сонда Бабажан Құдайға жалбарынып, екі қолын көкке жайып, Алладан елге келген зұлматтан құтқаруды тілеп жалбарынады.
         – А, Құдай, менің артыма шыбынтай-жетімдер кірді. Мен сенің артыңа кірдім. Өзіңе бір сын, - деп Құдайдан жылап тілеген. Содан келген кесел тоқтап, ол аман қалған. Бірақ не пайда, өзі ұзамай Өзгентке келіп, үйінде қайтыс болады. Отанында ештеңе болмаған, сонда шыбынтай-жетімдер Бабажанның өлімін естіп, қора-қора мал әкеп барлық шығынын көтерген. Бабажан Хорасан ата бабасының қасында сыртқа қойылған.
«Өткен әзиз әулиелер» кітабынан.
15 наурыз 2018 ж. 2 057 0