» » РУХАНИЯТ ПЕН ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҰЛЫҚТАҒАН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

РУХАНИЯТ ПЕН ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҰЛЫҚТАҒАН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ


«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлы бастаған арнайы делегацияның Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапары аясында Руханият орталығында «Miras» аймақтық кеңесінің қорытынды отырысы жоғары деңгейде өтті.
Маңызды басқосуға «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Әбілпеисұлы Мажитов пен зиялы қауым өкілдері қатысып, руханият, мәдениет және ұлттық тәрбие бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ делегация құрамында «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберліұлы Қожамберлиев, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бәйдешқызы Бихожа, тәуелсіз журналист Айткүл Жетібайқызы Шалғынбаева, «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Әбішұлы Шарабидинов, облыстық «Тәжік-ауған» ардагерлер одағының төрағасы Марат Орынбайұлы Орынбаев және «Мирас» аймақтық кеңесінің хатшысы Әсет Алматұлы Мұхтаров болды.
Кездесу барысында «AMANAT» партиясы мен «Miras» аймақтық кеңесінің қоғамдағы орны, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық болмысты сақтау, жастар тәрбиесі мен мәдени мұраны насихаттау бағытындағы жұмыстар жайлы мазмұнды пікірлер айтылды. Қатысушылар елдік мүдде жолындағы маңызды бастамаларды ортаға салып, келелі ұсыныстарымен бөлісті.
Тағылымы мол жиынды «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберліұлы Қожамберлиев жүргізіп, басқосуға ерекше мазмұн мен рухани серпін берді. Терең ой мен парасатқа құрылған жиында ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қоғам бірлігін нығайту және руханиятты дамыту бағытындағы маңызды мәселелер қозғалды.
Мазмұнды кездесу — ел бірлігі мен рухани жаңғыру жолындағы тағылымды әрі маңызды алаңға айналды.

#AMANAT
29 мамыр 2026 ж. 27 0