№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОЙЛАҚЫ АТАНЫҢ КЕРЕМЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ?

ҚОЙЛАҚЫ АТАНЫҢ КЕРЕМЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ?


ҚОЙЛАҚЫ АТА БАСЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ ТАС.
VІІ-VІІІ ғ.ғ. Аққорған ауылынан7 шақырымда орналасқан.
Қойлақы ата басындағы құлпы тастағы қашалып жазылған жазу «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хайюл қайюм» (тастағы арап жазуын аударып, болжам жасаған аудармашы Абдулла Ишан)
Бұл кісі әулие жергілікті халық Сафи ад дин Мауләна Шайхты «Қойлақы ата» деп атайды. Бұл кісінің атында көл бар. Мазары Қойлақы көлінің Оңтүстік шығыс бетінде Жаңақорған Қандөз трассасының бойында жатыр. Бұл Сафи-ад-дин-Қойлақы ата Қожа Ахмет Яссаудің ағасы Сәдір Шайхтың немересі. Данышманд қожа ұлы Қойлақы ата ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген. Қойлақы атамыз Бұхара, Ташкент жақтағы қалалардан Зәңгі бабамен қатар ислам діні негіздерінен өте жоғары деңгейде білім алады. Зәңгі баба сонда қалып, Қойлақы ата сырдарияның ортаңғы ағысының бойындағы Аққорған қаласының халықына ислам дінін насихаттауда үлкен қызмет атқарған. Алыстағы замандасының білімі қай деңгейге жеткенін сынамақшы болған Зәңгі баба бір күні, дарияның ағысымен таңбалы тас жібереді. Гранит тастың ерекшелігі бас жағының екі жағы дөңгелектеп қашаған, екінші бетіне арап әріпімен мөр сияқты жазылған. Алла тағала жерді жаратқан кезде, жер теңселіп бір орнында тұрмаған соң Бақара сүресінің 255 аятын (аятул күрсі) түсіріп тау тастарымен бастырғанда жер тоқтаған. Демек, гранит тастағы қашалып жазылған жазу «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хайюл қайюм» (тастағы арап жазуын аударып, болжам жасаған аудармашы Абдулла Ишан) деген болжам бар. Аудармашы Абдулла Ишанның айтуына қарағанда қабір басына құран сүрелерінен, аяттарынан жазылмайды.Өйткені зілзәлә болса аяқ асты болды. Тек аты,тегі жазылады. Бұл гранит тас қабір басына қою үшін емес ескерткіш ретінде жасалынған.Тастың ұзындығы 3 метр, төрт бұрышты, қалыңдығы 40 см ұзына бойына қашалып сызылған. Таңбаланған гранит тас Зәңгі баба ілімінің кереметімен су бетінде еш құралсыз қалқып ағып келген дейді. Сыйға жіберілген таңбалы тасты алған соң, Қойлақы ата да өз кереметін,ілім шыңына жеткенін дәлелдеу үшін сый дайындайды. Ұстаға бірінің ішіне бірі сиятындай етіп екі сандық жасатады да ішіне ақ мақта салып, үстіне сексауылдың қызыл шоғын салып, Сырдарияның ағысына қарсы бағытқа сандықты ағызып жібереді. Сандықты алып ішіндегі мақта үстіндегі шоқты көрген Зәңгі баба замандасының ілімін мойындап ризашылығын білдірген екен дейді. Бір аңыз деректерде әкесі үйге мейман келсе, жақын көршілерден қарызға мал алып сояды. Бір күні үйге мейман келсе, баласын малы бар көршісіне жұмсайды. Әке неге қарызға мал алып соя бересіз. Одан да маған рұқсат беріп бата беріңіз деген. Әкесі бата береді. Таң ата: Ата тұрыңыз дейді. Аспаннан ақ қарабас қойлар түседі. Екеуі шетінен ұстап ен сала береді. Күн шыға бастайды, ен салғаны қорада қалады. Қалған қойды әкесі екеуі айдап шығып әкесінің таяғын алып,20 м –дей жерді сызып алады. Ата енді малдар осының ішінде болады. Бір қой керек пе екі қой керек пе айтсаңыз өзі келеді-деп, ата таяғымен Қойлақы көлінің ортасына таяғын қадайды.Сол жерден су шығып, көлге айналады. Содан Қойлақы көлі пайда болған деседі.
13 наурыз 2018 ж. 1 732 0