№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария сыры

Сырдария сыры


Менің әкем Әбілқасым Өмірұлы ескіше жақсы сауаты бар кісі еді. Әкемде көптеген діни қыссалардың қолжазбалары болатын. Көптеген қолжазбаларын уақы-тында қадірін білмей жоғалтып алдық. Өкінішті әрине! Бала кезімде әкемнен естіп құлағымда қалып қойған бір аңызды айтып берсем деп едім. Себебі бұл аңызды осы күнге дейін ешкімнен, еш жерден естімеппін. Бабалардан қалған бұл аңыз туған жер тарихының бір сыры.
Ерте заманда Сырдария Сейхундария деп аталған кезде бір әділетті патша болыпты. Ол өз патшалығы тұсында халқының жағдайы «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» мамыражай заман болыпты. Бірақ патшаның бір қайғысы перзенті болмапты. Ол Алла Тағаламнан өзінен кейін ісін жалғастыратын бір бала беруін күні түні жалбарына сұраумен болыпты. Күн артынан күн, ай артынан ай, жыл артынан жыл өте беріпті. Бірақ патшаның тілегі орындала қоймапты. Күндердің күнінде патша; «Ей Жаратушы ием қартайған шағымда көз қуанышым болсын бір нәрсе берші», депті. Сонда қанша жылдан тілегін жауапсыз қалдырып жүрген Тәңір; «Бердім осы тілегіңді», дейді. Ұзамай патшаның көп әйелінің ішінен ең сүйікті әйелі жүкті болып, тоғыз ай тоғыз күннен кейін. Босанып басы жоқ. Аяқ қолы жоқ, жаны бар мес секілді бір нәрсе туыпты. Мұны көрген патша.
-Бүкіл дүниенің егесі жаратушы ием. Қай қылығыммен жақпай қалдым. - Сен меннен соңғы рет сұрғаныңда” бір нәрсе”сұраған болатынсың, сол бір нәрсеңді бердім.
-Енді мен не істеймін?
-Бала адам кейпіне келуі үшін өзің,бас уәзірің және баланың анасы үшеуің өзеннің жағасына барып,ешкімге айтпай жүрген сырларыңды айтыңдар.Әйелің сырын айтқанда балаға аяқ, уәзір сырын айтқанда қол,өзің сырыңды айтқанда бас шығады.
Патша уәзірін, әйелін туылған баласын алып ағып жатқан өзен жағасына келіп, баланы жағаға жатқызып:
-Ал қазір сендер адам баласына айта алмай жүрген сайырларыңды айтасыңдар баланың аяқ қолдары шығады, өтірік айтсаңдар баланың аяқ-қолы пайда болмайды, онда әлбәтта бастарың алынады. Ал шындарыңды айтсаңдар қандай сыр болсада кешіріледі-дейді.
Баланың анасы тұрып.
-Уа ұлы бақытты патша мен сіздің көп кәнизәктарыңыздың ішіндегі ең сүйіктісімін,не қаласам бәрі дер езінде орындалады. Бірақ құлда болса жеке күйеуім болғанын армандаймын-деген кезде баланың аяқтары шығыпты.
Бас уәзір.
-Уа әміршім мен патшалықта екінші адаммын айтқа-нымның барлығы орындалып тұр.Сондада да болса мен сіздің орныңызға патша болуыды армандаймын-деген кезде, балаға қол пайда болды.
Өз кезегінде патша тұрып..." Мен патшамын мен еш нәрсеге мұқтаж емеспін, не қаласам сол мезетте орындалып тұр. Солай болып, барлығы жетіп тұрсада, менің алдыма келген жан сыйлыққа болмағанда бір алма болсада әкелгенін қалап тұрамын"-деген кезде баланың басы пайда болады. Содан бері Сейхундария Сырдария аталыпты.
17 қаңтар 2018 ж. 2 341 0