СЫҒАНАҚТЫҢ БҮГІНГІ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Мирас» аймақтық кеңесінің делегация құрамы Жаңақорған ауданында болып, тарихи Сығанақ қалашығының қазіргі жағдайымен танысты.
Іссапар құрамында делегацияда «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберліұлы Қожамберлиев, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бәйдешқызы Бихожа, тәуелсіз журналист Айткүл Жетібайқызы Шалғынбаева, «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Әбішұлы Шарабидинов, облыстық «Тәжік-ауған» ардагерлер одағының төрағасы Марат Орынбайұлы Орынбаев және «Мирас» аймақтық кеңесінің хатшысы Әсет Алматұлы Мұхтаров және Жаңақорған ауданынан «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпеисұлы Мажитов, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Зулфия Құрманәліқызы Шалабаева қатысты.
Кездесу барысында Сығанақ қаласының тарихи-мәдени маңызы, туристік әлеуеті мен алдағы даму бағыттары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зульфия Құрманәліқызы Шалабаева тарихи орынның бүгінгі ахуалы жөнінде ақпарат берді.
Сығанақ — ұлт тарихының алтын қазығы. Оны сақтау, насихаттау және келер ұрпаққа аманат ету — баршамыздың ортақ міндетіміз.
#AMANAT
#СЫҒАНАҚ




