№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ТАЗАЛЫҚ – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

ТАЗАЛЫҚ – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ



Жаңақорған ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық бастамасы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараның басты мақсаты – ауданның көркеюіне үлес қосып, тұрғындар арасында тазалық пен экологиялық мәдениетті насихаттау.
Акцияға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, партия қызметкерлері мен белсенді жастар қатысып, Жаңақорған кентіндегі темір жол бойының аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарына белсене атсалысты. Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындар ретке келтіріліп, айнала көркейе түсті.
Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау – тек бір күндік науқан емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет екенін атап өтті. Себебі туған жердің тазалығы – елге деген құрметтің айқын көрінісі.
Партия филиалының өкілдері Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясы аясында мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. Бұл бастама қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, қоғамда жауапкершілік пен жанашырлық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

#AMANAT
#ТазаҚазақстан
#ТазаБейсенбі
28 мамыр 2026 ж. 202 0