№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қара шаңырақтың иесі. Ол –кім?

Қара шаңырақтың иесі. Ол –кім?


Қазақ үшін қарашаңырақ ұғымының тамыры тереңде. Біздің айтпағымыз, осынау қарашаңырақтың түтінін түзу ұшырып, қолындағы ата-анасын мәпелеп, бағып-қағып отырған адал перзенттер жайлы болмақ.

Тақырыбымызды тереңірек тарқату үшін төмендегі тәмсілді келтірейік: Пайғамбарымыздың (С.А.У) заманында өмір сүргенімен сахаба емес, табиғин болған бір кісі өтіпті. Алла елшісінің көзін көріп, сөзін тыңдаған кісі сахаба делінсе, Пайғамбарымызды көрмей, ол кісінің әңгімесін сахабалардан естіген кейінгі толқынды табиғин дейміз. Ол осы жағдайына өкінсе де қолынан келер қайраны жоқ еді. Оның Пайғамбарды көрмек түгілі елестетуге де еш мүмкіндігі болмады. Мұның үлкен бір себебі бар-ды.
Пайғамбарымыз (С.А.У) өмірден өтерде Хазіреті Омарды (р.а) қасына шақырып алып, үстіндегі шапанын аманаттайды: Бір кездері Иемен жақтан қажылыққа Уайыс деген кісі келеді. Мына шапанымды соған тапсыр,- дейді. Хазірет Омар жыл сайын Иеменнен келетін қажыларды күтіп, араларыңызда Уайыс деген кісі бар ма, деп сұраумен болады. Бір жылы ол топтың соңында көз жасы көл болып егіліп келе жатқан Уайысты жолықтырып, жүрегімен қуанады.
-Сүйінші! Пайғамбарымыз шапанын саған аманаттады. Мұндай дәрежеге қалай жеттің?-деп сұрайды.
-Мен Пайғамбарымыздың тірі кезінде дидарын бір көруге зар болған пенде едім. Анам бар еді, аурулы анамды тастап, сәтке шығып кете алмағандықтан қажылыққа бара алмадым. Анам жақында қайтыс болды. Пайғамбарымыздың өзін көрмесем де табаны тиген жерлерді тәу етейін деп сапарға шықтым,-деген оған: Міне, сол ниетіңнің сыйлығы деп шапанды табыс етеді».
Мына хикаяның мәнін ұққан әркім ата-анасын бағып-қағып отырған қарашаңырақтағы бауырларына қызыға да, қызғана қарауына болады.
Қарап отырсаңыз, ата-анасын бақпақ түгілі, сіркесі су болып, өз көнін өзі көтеруге әрең жарап жүрген кейбіреулер ата-анасына қарайламақ түгілі қара басының қамымен өздерінің де қартайып, қайғы ойлайтын кезін еске ала бермейтін секілді. Онысымен қоймай қарашаңырақта отырған аға-жеңгесін, іні-келінін сынап-мінеп ақыл айтқанды жақсы көретіндерге айтарымыз, ақылдан гөрі амалың өтімдірек. Жарты күнге болса да ата-анаңды үйіңе алып кетіп бірауық бақ, жарты құрма болса да ата-анаңның аузына салып, алғысын алып қалуға асық. Өйткені ата-ананың перзентіне арнаған дұғасы кері қайтарылмайды.

Баян
ҮСЕЙІНОВА.
12 қаңтар 2018 ж. 5 782 0