» » ЕЛ ДАМУЫ – БІРЛІК ПЕН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТА

ЕЛ ДАМУЫ – БІРЛІК ПЕН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТА


«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлы жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болып, «СКЗ-U» ЖШС ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесуге аудандық филиалдың төрағасы Арман Әбілпеисұлы Мажитов қатысты.
Кездесу барысында партияның алдағы бағыт-бағдары, ел дамуына негіз болатын бастамалар мен халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған маңызды жобалар кеңінен талқыланды. Жандос Нұртайұлы партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, онда көтерілген әлеуметтік мәселелер, жастарды қолдау, жұмыспен қамту, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы нақты міндеттер жайлы айтып өтті.
Сонымен қатар, еңбек адамдарының қоғамдағы рөлі ерекше екеніне тоқталып, өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың ұсыныс-пікірлері әрдайым назарда болатынын жеткізді. Ашық форматта өткен кездесуде кәсіпорын қызметкерлері көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Жиын барысында «СКЗ – U» ЖШС жанынан «CKЗ-U» Бастауыш партия ұйымының ашылуы – партия жұмысының жанданып, ұжым арасындағы бірліктің арта түскенінің айқын көрінісі болды. Бұл бастама еңбек ұжымының қоғамдық-саяси белсенділігін күшейтіп, партия мен хал Кездесу аясында кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысып, мекеменің жұмыс барысы мен еңбек ұжымының тыныс-тіршілігін көрді. Жиында өндіріс саласындағы еңбек адамдарының рөлі, кәсіпорынның өңір экономикасына қосып отырған үлесі және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар партияның алдағы міндеттері мен ел дамуына бағытталған бастамалары кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында партия қатарына жаңадан қабылданған қызметкерлерге партиялық билеттер табысталып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар берілді.
Кездесуде «СКЗ – U» ЖШС бас директоры Орынбасаров Сағыныш Алмасбайұлы сөз сөйлеп, кәсіпорын мен партия арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Ол ел игілігі жолындағы бастамаларға қолдау білдіріп, ұжымның қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысатынын атап өтті.
Сондай-ақ, шара барысында партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ мақсат жолында біріккенінің жарқын белгісі.
Осындай мазмұнды кездесулер халықпен байланысты нығайтып қана қоймай, ел мүддесіне бағытталған нақты бастамалардың жүзеге асуына жол ашады.

#AMANAT
29 мамыр 2026 ж. 24 0