Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ТАРИХТАН - ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

ТАРИХТАН - ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ



31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен «Өнер» бастауыш партия ұйымында «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» атты ақпараттық сағат өтті.

Тағылымды шараның мақсаты – жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтардың есімін ұлықтау, тарихтың ауыр кезеңдерін жас ұрпақтың санасына сіңіру және өткеннен сабақ алуға үндеу болды. Ел тарихындағы зұлмат жылдардың ақиқаты мен жазықсыз жапа шеккен боздақтардың тағдыры кеңінен айтылды. Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін жылдарындағы халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер туралы зұлмат заманда ел үшін құрбан болған азаматтардың ерлігі мен тағдыры еске алынды.

Қатысушылар тарихи деректермен танысып, азаттық жолында құрбан болған тұлғалардың өмірі жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар жастарды елін, жерін құрметтеуге, тарихты ұмытпауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырған тағылымды ойлар ортаға салынды.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық пен рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

#AMANAT
#ӘЙЕЛДЕРҚАНАТЫ
28 мамыр 2026 ж. 131 0