» » ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫНА ТАҒЗЫМ

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫНА ТАҒЗЫМ


Сыр бойының сайын даласында үнсіз тұрған әрбір көне кесене — халқымыздың жүрегінде сақталған тарихтың тірі куәсі. Сол асыл мұралардың бірі — Төменарық станциясының солтүстік-батысында орналасқан Көккесене сағанасы.
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Мирас» аймақтық кеңесінің делегация құрамы бастаған арнайы құрам қасиетті орынға арнайы барып, тарихи ескерткіштің қазіргі жай-күйімен танысты. Делегация құрамында аудан басшылығы, зиялы қауым өкілдері, журналистер мен қоғам белсенділері болды.
Көккесене — жай ғана көне ғимарат емес. Бұл — бабалардың ізі қалған, ұлттың рухы сіңген киелі мекен. Уақыт табы сезілген тарихи орынның бүгінгі жағдайы сараланып, оны сақтау, жаңғырту және келер ұрпаққа аманат ету мәселелері кеңінен сөз болды.
Кездесу барысында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығы, туристік әлеуеті мен алдағы даму бағыттары талқыланып, жауапты сала басшылары ескерткіштің қазіргі ахуалы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Тарихқа құрмет — өткенге тағзым ғана емес, болашаққа жасалған қадам. Себебі ұлттың рухани тамыры терең болған сайын, келешегі де кемел болмақ.
Көккесене — ғасырлардан жеткен үн. Ал сол үнді өшірмей, кейінгі ұрпаққа жеткізу — бүгінгі буынның қасиетті борышы.

#AMANAT
29 мамыр 2026 ж. 27 0