» » ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ – СЕНІМ МЕН БІРЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ – СЕНІМ МЕН БІРЛІКТІҢ КӨРІНІСІ



Қаратөбе ауылында Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мырзабаев Серік ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, елдің ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Ашық форматта өткен жүздесу барысында ауыл халқы көкейлерінде жүрген мәселелерді көтеріп, еркін пікір алмасты.
Кездесу барысында инфрақұрылым, көше жарығы, жол сапасы, әлеуметтік қолдау, ауылды абаттандыру, жастарды қолдау және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты маңызды тақырыптар кеңінен талқыланды. Әрбір тұрғынның ұсынысы назарға алынып, көтерілген мәселелердің шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар, халық қалаулысы сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасының орындалу барысы туралы тұрғындарға жан-жақты ақпарат беріп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Депутат өз сөзінде халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындардың мұң-мұқтажына бейжай қарамау – басты міндеттердің бірі екенін жеткізіп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала мамандарымен бірлесіп жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары ашық диалог алаңын ұйымдастырып, елмен етене араласып, нақты мәселелерге назар аударған халық қалаулысына ризашылықтарын білдірді.
Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ел сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

#AMANAT
29 мамыр 2026 ж. 27 0