№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Садақ атудың мәні терең

Садақ атудың мәні терең


Қазақтың ұлттық ойын түрлері мазмұндық жағынан адамды жауынгерлік рухқа тәрбиелейтін маңызды дүние. Әсіресе, садақ ату – қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың нөпірді қақ жарып, дода ортасынан керіп тұрып садақ тартқан, мергендік өнерімен мәлім білекті жігіттерді көргенде жүрегі жарылмайтын қазақ бар ма?

 Жақында ғана жаңақорғандық жас шабандоз Ғалымжан Өміртай Жамбы атудан Қазақстан Республикасының V чемпионатында чемпион атанып, бөркімізді аспанға аттық. Бұл бүгінгісі. Әуелі әңгіменің әлқиссасын әріден бастасақ.
Биыл араға 20 жыл салып садақ атудан қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына командалық жолдамаға қол жеткізді. Бұл қуанатын жағдай болғанымен, қазақ үшін таңданатын жәйт емес. Тарихқа көз жүгіртсек, садақ қадым заманынан бері көшпелілердің иығынан түспеген, қазақтың дәстүрсалтымен біте қайнасқан қымбат мұра деуге болады. Тас дәуірінен ХХ ғасырға дейін оқ пен жебені жанына серік етіп, құралайды көзге атқан мергендер болғанына тарих куә. Бірі адырнасын сайлап аңға шықса, екіншілері соғыста жаудың бетін қайтарып, егемендік жолда қан кешкен. Алайда XXI ғасырда садақ атудан қазақ оғландары топта оза шаба алмай жүр.

Садақ пен қазақ егіз ұғым. Садақты бабаларымыз ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қару ретінде қолданған. Тарих беттерін парақтасақ бес қаруын сайлап, қазанат мінген жау¬жүрек батырлардың ұлан-ғайыр байтақ даланы ұрпақ үшін қорғап қалған ерлігі біздерге өнеге. Көйлегін қанмен жуған батыр бабалар ат үстінде жүріп садақ атудың мергендік өнерін меңгерген. Сақ пен ғұнның бірден-бір мұрагері саналатын атабабаларымыздың садақ атудағы шеберлігін бүгінгі ұрпақтың тек кітаптан оқып, аңыз-әңгімеге еліртіп жүргені қынжылады. Көшпенді өмір салтын ХХ ғасырға дейін, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп сақтап келген біздің қазақтың садақ жасау технологиясы мен оған қатысты төлтума атаулары мен ұлттық ойындары да әзірге ғылыми-зерттеу нысанына толық айнала алмады. Ердің бес қаруының бірі саналатын садақты қазіргі ұрпақ тек музейден ғана көруде. Қалғанына уақыт төреші...

Әлібек ТЕМІРБЕК

05 сәуір 2023 ж. 554 0