№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОШЕМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОШЕМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ



Жаңақорған кенті темір жол вокзалында пара армрестлингтен Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларымызды жерлестері, спорт ардагерлері мен туыстары зор қошеметпен күтіп алды.

Айта кетейік, 6-8 маусым күндері Қырғызстан мемлекетінде өткен пара армрестлингтен жастар мен ересектер арасындағы ХХІІІ-ші Азия чемпионатында жерлестеріміз төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.

Жастар арасында 55 келі салмақта оң қол және сол қол бойынша Оразбаев Бауыржан
І орынды иеленсе, ересектер арасында ІІ орынға қол жеткізді.

Жастар арасында 60 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Молдахметов Шыңғыс І орынды жеңіп алды.

Ересектер арасында 80 келі салмақта Дауренұлы Нұрасыл сол қол бойынша ІІ орынды, ал оң қол бойынша ІІІ орынды иеленді.

Спортшыларымыздың бапкері: Азнабаев Шыңғыс
13 маусым 2026 ж. 213 0