ТӨЛ ТАРИХТЫҢ жаңғыруы
Қазақтың ұлттық ойын түрлері мазмұндық жағынан адамды жауынгерлік рухқа тәрбиелейтін маңызды дүние. Әсіресе, көкпар – қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың нөпірді қақ жарып, дода ортасынан серкені суырып шыққан шабандозын көргенде жүрегі жарылмайтын қазақ бар ма? Негізі көкпарды жігіттің жігіті тартады.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағанын тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Бұл да болса, біздің төл тарихымыздың қайта жаңғырғанының белгісі. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалағаны айтылады бағдарламалық мақалада. Мұның барлығы да қалыптасқан көшпенділер әлемінің «мәдени кодының» айрықша элементі болса керек. Соданда болса керек, «жылқы» мінезді қазақ деген теңеудің түбінде тәлім аларлық тәмсіл жатыр.
Исламхан Боранбаев,
облыстық Ұлттық ат спорты түрлерінің аға жаттықтырушысы.