№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ат спортынан да озықпыз

Ат спортынан да озықпыз



2009 жыл. Ұлттық ат спорты түрлерінен облыс құрамасы жасақталды. Оның барлық мүшесін жаңақорғандық спортшылар құрады. Сыр өңірі атынан сынға түсіп, оның ішінде көкпардан үздік үштікке іліндік, әлі сол тұғырдамыз. Теңге ілу, жамбы ату, аударыспақтан да ел чемпионаттарында жүлдесіз емеспіз. Жас шабандоз Ғалымжан Өміртай 2019 жылы жамбы атудан Қазақстан Республикасының V чемпионатында чемпион атанып, бөркімізді аспанға аттық. Ол осы нәтижесімен турнирдегі ең жас чемпион атанды. Исламхан Боранбаев баптаған жігіттер теңге ілу мен аударыспақтан да ел біріншілігінде есесі кеткен емес. Біздің аудан спортшыларымен өзге өңірлер санасатын дәрежеге жетті. Көкпар мен аударыспақтан жастар арасындағы ел чемпионаттарының біздің ауданда өтуінің нақты дәлелі осы. Өйткені, білекті балуандар, мергендер шыққан мекенде өсіп келе жатқан ұрпақтан күтері көп елдің.
Бокстың бүгіні де көңіл қуантарлық. Құрбаш Саркулов баптаған жігіттер егемендіктен бері кенжелеп қалған спорттың дамуына қайта дем берді. Дінмұхмед Абайхан АІВА төреші атанып, алғаш рет әуесқой бокстан ринг төрінде төрелік етті. Кәсіпқой бокстан да бірнеше кездесуге бас төреші болып, кездесулер өткізді. Доп спортынан да серпін бар. Баскетбол, волейбол, гандбол, футболдан да алған асуымыз, шыққан шыңымыз биік. Қол добынан Жанерке Сейітқасым ұлттық құрама сапында жүр, қазір әлем біріншілігінде өнер көрсетуде. Футболдан жастар премьер-лигада өнер көрсетсе, кіші футболдан да жастар жақсы көзге ілігіп жүр. Волейболдан аядай ғана Байкенже ауылынан шыққан волейболшылар ауданның ғана емес, облыстың туын түсірмеуге тырысып келеді.
Міне, осылай кете береді. Әр жыл өз жетістігімен есте қалды. Таеквандо мен дзюдодан да жастар жігер танытып, жеңісті жолда келеді. Зілтемірші Олимпиада жүлдегері Алмас Өтешов те Жаңақорған тумасы екенін ұмытпайық. Бұл бүгінгі күннің биігі, енді алдағы 30 жылда бұдан да шыңнан көрінетінімізге шүбә жоқ.
16 желтоқсан 2021 ж. 849 0